Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының 30 жылдығына арналған "Марғұлан оқулары – 2021" дәстүрлі халықаралық конференциясының материалдары жарық көрді.
Юлий Сергеевич Худяков (08.12.1947–24.12.2021) – көрнекті ғалым, тарих ғылымдарының докторы, Ресей Ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің археология және этнография институтының бас ғылыми қызметкері, Новосибирск мемлекеттік университетінің профессоры.
Орынборда Ресей мен Қазақстанның жас археологтар мектебі өтті. Археологтар мектебінің аясында Қазақстан мен Ресейдің археологиялық мұрасын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
2021 жылы Алматы қаласының Наурызбай ауданы әкімдігі "RBS Дорстрой" ЖШС және Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтымен бірлесіп "Шұғыла"шағын ауданында қорым аумағын абаттандыру бойынша жобаны іске асырды. Жобаны іске асыру барысында бірінші кезеңде ескерткіш аумағынан құрылыс қоқыстары шығарылып, карьерлердің шұңқырлары көмілді. Екінші кезеңде қорғандардан батысқа қарай жаяу жүргіншілер жолдары жасалды, олардың бойында жарық шамдары, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды. Қорғандардың айналасына металл қоршаулар орнатылған. Жаяу жүргіншілер жолдарының екі жағына көктемгі гүлзар мен ағаштар отырғызылды.
2022 жылы Ақтөбе облысында ежелгі тарихи ескерткіштермен қатар обалар қорымын ауқымды зерттеу жалғасатын болады. Бұл туралы облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің Ә.Марғұлан атындағы археология институтының бас директоры Оңғар Ақанмен кездесуінде мәлім болды.
"Қазақстан археологиясы" журналының кезекті саны [№ 3 (13) 2021] басылып шықты. http://www.archeokz.com/index.php/archeokz Рецензияланған мерзімді ғылыми басылым тас дәуірінен бастап орта кейінгі орта ғасырларға дейінгі кезеңдердегі Қазақстан мен Еуразия даласы археологиясының өзекті мәселелеріне және аралас жаратылыстану ғылымдарының пәндеріне арналған.
Алматы қаласында әйгілі ғалым, көрнекті қоғам қайраткері, тарих ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Карл Молдахметұлы Байпақовтың құрметіне мемориалдық тақта ашылды. Салтанатты шараға Ұлттық ғылым академиясының ғалымдары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
2021 жылдың 18-қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК және ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесе отырып, «Далалық Еуразия металлургиясы: ежелгі технологияларды зерттеу тәжірибесі мен репрезентациялау» атты Халықаралық ғылыми семинар өткізді.
Archaeological and Anthropological Sciences (Германиядағы Springer Nature академиялық баспа компаниясынан шығады) журналының 2021 жылғы 13 шығарылымында Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының жетекші ғылыми қызметкері Е.Ш. Әкімбек және америка археологтары C. Klesner, D. Killick (Университет Аризоны), V. Renson (Университет Миссури) бірлескен «Қорғасынның элементтік және изотоптық талдауын қолдана отырып, Орталық Азияның солтүстігінен ерте ислам дәуіріндегі қорғасын жылтырларының шығу тегін зерттеу» тақырыбындағы мақаласы жарық көрді. https://link.springer.com/article/10.1007%2Fs12520-021-01444-8.
2021 жылы 26 қазанда Алматы қаласында ҚР БҒМ ҒК Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі орталығы ынтымақтастық туралы меморандум қабылдады. Екіжақты келісімге Институттың бас директоры Ақан Оңғарұлы мен Орталық директоры Рақат Мамбеталинов қол қойды.
2021 жылы 26 қазанда Алматы қаласында ҚР БҒМ ҒК Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті КеАҚ арасында ынтымақтастық жөнінде Меморандум қабылданды. Екіжақты келісімге институттың бас директоры Ақан Оңғарұлы мен университет ректоры Бейбіткүл Кәрімова қол қойды.