Оқиға орнынан репортаж
Археологиялық экспедиция басшысы, Әлкей Марғұлан атындағы археология институты директоры, тарих ғылымының докторы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Бауыржан Байтанаев пен қазба жұмыстарының жетекшісі Тимур Смағұлов бастаған зерттеушілердің үздіксіз ізденістері мен қажырлы еңбектерінің арқасында Шығыс Қазақстан облысындағы Үржар маңынан 30 шақырымдай жерде сақ ханшайымының мүрдесі табылды.