Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
Ә.Х. Марғұлан
атындағы
Археология институты
Адрес:
г. Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык, 44
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Марғұлан атындағы Археология институтының журналы

КазНУ

Бастыбет Мәдени мұра 2009 жылғы Кент қалашығының зерттеулері

2009 жылғы Кент қалашығының зерттеулері

Варфоломеев В.В.

Қола дәуірі археологиясы мәселелері арасында Беғазы-Дәндібай тақырыбы ерекше орын алады. Ол әлі толыққанды шешілмеген бірқатар сауалдарды қамтиды:  Беғазы-Дәндібай мәдениетінің шығу тегі, кезеңдеу, Беғазы-Дәндібай тайпаларының тарихи тағдырлары және ерте темір дәуіріне өту, сондай-ақ, әлеуметтік сатылар мен құрылымы. Беғазы-Дәндібай мәдениетінің көптеген мәселелерін шешуде археологиялық деректерді жинақтау мен оларды осы заман деңгейінде сараптаудың маңызы зор.
Кент қонысы айрықша перспективалы ескерткіштер санатына кіреді. Қоныстың үш хронологиялық қабаты бар бұлар осыған сәйкес мәдениеттің ерте, орта, соңғы сатыларын белгілейді екендігі анықталды –. Ескерткіштен түскен табылымдар тұрғындар қолданысында болған артефактілердің бай құрамынан хабар береді. Бірақ, қоныстың құрылымдық сипаты күңгірттеу. Бұрынғы қазбалар оңтүстік және солтүстік шеттеріне таман тұстарда мәдени қабаттың қалыңдығы 1,4 м екенін аңғартқан болатын. Сондықтан, 2009 ж. жұмыстардың мақсаты құрылымдық жүйені анықтау үшін қоныстың орта тұсына қазба салу болып табылды. Бұл анықтау мақсатындағы топографиялық және рекогносцировкалық шаралардан басталды. Жұмыстар дәстүрлі методика бойынша аумағы 3 х 3 м шаршылар арқылы жүргізілді. Бұрынғы зерттеулердан айырмашылығы, қазба барысында тым ұсақ бұйымдарды байқау және топырақты неғұрлым толығырақ тексеру мақсатында елеу тәсілі қолданылды. Қазылған топырақ әуелі 2 х 5 мм тордан өткізіліп, содан соң қалдықтар елеуіш арқылы тексерілді.
2006 жылы ескерткіштің ортасына  салынған №11 қазба, батыстан және солтүстіктен кеңейтілген. 2009 жылы қазылған аумақтың көлемі 171 м2.  Қазбаның терендігі 0,4 тен 0,9 м-ге дейін.  №2 тұрғын үйдің солтүстік-батыс қабырғасы және №3 тұрғын үйдің жартысы  анықталды.  Тұрғын үйлер материк деңгейінен 0,3 м  тұрғызылған. Тұрғын үйлердің шығатын кіре берісі пандус түрінде жасалған,  ұзындығы шамамен 2 м, ені 0,8 м-ге дейін жетеді.  Тұрғын үйлердің мәдени қабаттары таяз, 0,3 – 0,4 м гумус топырағыана және күл қалдықтарынан тұрады. 
Табылған заттардың негізін  керамика құрайды. Керамикалық кешен  3 топқа бөлінген ыдыстардан тұрады.
1 топ – Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ыдыстары (ресей археологиясының кабылдаған номенклатурасы бойынша сарғары-алексей мәдениеті).  Бұл өрескел үзінділері  қиылысушы кесінділер түріндегі  оюлар,  басылым қатарлары, кішкене шұңқырлардың  және т.б. иленген және формалы біліктері жиі кезедеседі. Жалпы айтқанда, бұл қыш ыдыстар сарғары-алексей керамика түріне жатады. Бірақ бірқатар белгілері бойынша керамиканың доңғал түріне жақын. Сарғары - алексейлік және донғал  белгілерінің бірігуі доңғал ыдыстарының эволюциялық сабақтастығын және оның шығу тегі сарғары-алексей мәдениетінен шыққандығын көрсетеді. 2 топтың ыдысы – жылтыратылып тегістелген және тегістелмеген керамика, сібір андрон кешеніндегі өрнектелген, дөнгеленген мөр ретінде орындалған (сур 1). Ол елов-ирмен шеңберіндегі ыдысқа жақын. 3 топ – тез айналмалы пеш шеңберінде орындалған қыш құмыраның сыңықтары. Олар Орта Азия мәдениетіне  ұқсас. 2 және 3 топтар қыш ыдыстар жергілікті Беғазы – Дәндібайлықтардың Орта Азия және Батыс Сібір тайпаларымен байланыста болған. Сырттан әкелінген ыдыстардың жиі табылуы осы байланыстың тұрақты және үнемі болды деп есептеуге болады.
Мәдени қабаттарда және тұрғын үйлерде садақтын қола жебелері, қола белбеулердің бастары, тастан қашалған саймандар, сүйектен жасалған саймандар жасалған (сур 2). Мүйізден мысыр «уриі» түрінде жасалған заттардың қызметі әлі анықталмаған. Кенттен табылған заттардың арасында мұндай табындылар ертеде де кездескен. Ұқсас бұйым Шортанды-Бұлақ елді мекенінде  табылып,  оны Ә.Х. Марғұлан циркуль деп пайымдама жасаған.
2009 жылғы маусымдық кезеңдегі табылған заттар мен 2006-2007 жылдардағы 11 қазбаның   материалдары  бірыңғай кешенді құрайды.  Ол үшін радиокарбонды атасы 3180+35 жыл алынған.
11 қазбаның тұрғын үйлерінің маңайындағы мәдени қабаттың маңызсыздылығы  ескерткіштің шеткі бөліктерінің қуатты қабаттарымен салыстарғанда қабаттың доңғал керамикасымен кешірек құрылғандығы жайлы айта алады.
Осыдан ескерткіштің өзі  жобасында айналма түрінде болған,  ал ішкі кеңістігінде құрылыстар  болмаған деп түйін шығаруға болады. Кенттің  орталық алаңында құрылыстар кешкі  доңғал кезеңінің басында  басталады.
Аттың жақ сүйегіндегі мыс тоттарының жасыл дағы бар жәдігер өте маңызды болып көрінеді. Мыс тотығы, бәлкім, қола псалий немесе ауыздықтың тоттанғандығынан қалуы ықтимал. Бұл Бәғазы-Дәндібай тайпасының қола жүген қолданғаны туралы екінші дәлелдеме. Бірінші – 1986 ж.  Кентте  екі ақаулы ауыздықтың табылуы.  Бұл бұйымдар төменгі қола дәуірінде  қола ауыздық болғаны және қолданғанының дәлелі. Ежелгі ауыздықтар  Қазақстан территориясында Беғазы-Дәндібай заманында пайда болғандығын дәлелденген деп санауға болады. Демек, атта ерттеп жүргізу пайда болғанын дәлелдеуге болады. Осы атты меңгеру арқасында жергілікті Беғазы-Дәндібай мәдениетінің тұрғындары өз кезінде Орта Азия, солтүстік Ауғанстан және солтүстік-батыс  Иран жеріне атты ереуіл арқасында әскери жорықтарға аттанғандығы туралы айтуға себеп береді. Беғазы-дәндібай мәдениетінің ескерткіштеріндегі андроноилық керамика қазақстандық тайпалық ақсүйек  нәсілдері өз ықпалын солтүстік бағытта әсер етуін көрсетеді.
Кенттегі кезекті дала маусымындағы атқарылған істер осы Орталық Еуразия аймағындағы мәдени-тарихи процесстерді зерттеуде бұл ескерткіштің орны ерекше екенін дәлелдейді. 

 

 

1 сурет. Кент. 2009 жылдың табыстары. 1 – ұршық, 2, 11 – жебе оқтары, 3 – қола жебелер, 4 – қола белбеудің басы, 5 – сүйектен жасалған қапшық, 6 – тастан жасалған қару, 7 –  суйекті диск, 8 – қола құйма, 9,10 – суйектен жасалған шегелер; 12,13  – суйектен жасалған заттар


Матющенко В.И. Еловский археологический комплекс. Часть первая. Еловский I курганный могильник. Омск, 2001. Матющенко В.И. Еловский археологический комплекс. Часть третья. Еловский II могильник. Комплексы Ирмени и раннего железного века. Омск, 2006.

Евдокимов В.В., Варфоломеев В.В. Эпоха бронзы Центрального и Северного Казахстана. Караганда, 2002. С.132, рис. 31,-10-12.

Маргулан А.Х. Бегазы-дандыбаевская культура Центрального Казахстана. Алма-Ата, 1979. С.211,  рис. 161, -1.

ETH 37880 KZ 404 3180+_ 35 (C14 age BP) DeltaC13 (%o) -21,6+_1,1
68.2% probability 1495 BC ( 68,2%) 1425BC
95.4% probability
1520BC (95.4%)1400BC. Дата получена в лаборатории радиоуглеродного датирования при Институте физики элементарных частиц Высшей технической школы Швейцарии (Цюрих). Благодарю коллег из Германского музея горного дела Томаса Штелльнера и Александра Горелика (г. Бохум, Германия) за содействие в проведении анализа.

Евдокимов В.В., Варфоломеев В.В. Эпоха бронзы Центрального и Северного Казахстана. Караганда, 2002. С.129,  рис. 28,-15,16.

 
 
   
 
2022 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг