Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
INSTITUTE
Archeology
named A. Kh. Margulan

Address:
44 Avenue Dostyk, st. Shevchenko 28, Almaty
Telephones:
8(727) 2721325- reception room

 

Banner

ruhani-jangyru-logo

Археология институтының журналы. А.Х.Марғұлан

КазНУ

Главная News Баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

 

photo-2022-10-08-19-14-22

kongress logo kz

Баспасөз хабарламасы

2022 жылдың 12-14 қазанында Түркістан қаласында «Еуразиялық далалық өркениет: адам және тарихи-мәдени орта» атты Еуразия даласы археологиясының V халықаралық конгресі өтеді.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еуразиялық масштабтағы археологиялық форум алғаш рет өткізілмекші.

Іс-шараның басты мақсаты – аталған саладағы ғылыми қауымдастық өкілдерін бір арнаға тоғыстыра отырып, Еуразияның ежелгі және ортағасырлық тарихының өзекті мәселелерін шешу үшін ой мен күшті біріктіру болып табылады.

Конгресте Еуразия археологиясының бүгінгі өзекті іргелі мәселелері талқыланып, шешілу жолдары ұсынылады. Заманауи мультипәнаралық әдістерге негізделген әлемдік ғылыми қауымдастықтың бірлесе қимыл жасауы арқылы археологияның, сонымен қатар тарихи-мәдени мұраны сақтау мен пайдаланудың өзекті мәселелерін шешуге болары анық.

Конгресс жұмысы келесі бағыттар / секциялар бойынша жүзеге асырылады:

-     Еуразия даласындағы ерте металл дәуірінде жүргізілген тарихи-мәдени үрдістер: дәстүрлер мен инновациялар;

-     Еуразия ерте көшпелілерінің феномені;

-     Орта ғасырдағы Еуразия даласының көшпелілері;

-     Орта ғасырдағы Еуразия даласының урбанизмі;

-     Еуразия дала мәдениет археологиясының зерттелу тарихы; Еуразия көшпенділерінің археологиялық мұрасын сақтау және музейлендіру.

Конгреске отандық және шет елден (Әзірбайжан, Армения, Австралия, Болгария, Венгрия, Ұлыбритания, Германия, Израиль, Иран, Канада, Қытай, Қырғызстан, Молдова, Моңғолия, Польша, Пәкістан, Ресей, АҚШ, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Украина, Франция, Чехия, Швейцария, Швеция, Оңтүстік Корея, Жапония) келген жетекші ғалымдар қатысады.

Екі жүзден астам маман үш күн бойы ерте металл археологиясы, ерте көшпелілер дәуірі, орта ғасырлық қалалар мен көшпелі мәдениет, Еуразия даласындағы көшпелі империялардың тарихы, өнердің дамуы, дүниетаным, сондай-ақ мәдени мұраны сақтау, қорғау және археологиялық ашылулар тарихы сынды мәселелерді талқылайтын болады.

Басты ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, Татарстан Республикасының Ғылым Академиясы А.Х. Халиков атындағы Археология институты, Орталық Азиялық зерттеулер халықаралық институты, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. Конгресті өткізуге қолдау білдірушілер: РҒА Археология институты, РҒА Сібір бөлімінің Археология және этнография институты, Қазан федералдық университеті, РҒА Ұлы Петр атындағы Антропология және этнография музейі (Кунсткамера), РҒА Материалдық мәдениет тарихы институты, РҒА Сібір бөлімінің Моңғолтану, буддология және тибетология институты, РҒА Қиыр шығыс бөлімінің Қиыр шығыс халықтарының тарихы, археологиясы және этнографиясы институты, Алтай мемлекеттік университетінің «Үлкен Алтай» алтаистика және түркітану ғылыми-зерттеу орталығы.

Конгресс өткізілетін орын:

Түркістан қаласы, Бекзат Саттарханов даңғылы, 29/4

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Конгресс жұмысының ашылуы 2022 жылдың қазан айының 12 жұлдызы, Астана уақытымен сағ. 10.00

Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, Мәдениет сарайының Үлкен залы

 Байланыс:

Қасенова Әсемгүл Дәуренқызы

ұ.т.: +7 (707) 518-12-30

е-mail: This e-mail address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it

 

Калдыбаева Гаухар Аскаровна

ұ.т.: +7 775 0273550, е-mail: This e-mail address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it

 

 

Add comment



Security code
Refresh

 
   
 
2022 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг