Моңғолияның Архангай аймағының Номгон алқабындағы көне түркі дәуіріне жататын балбалдар тізбегі бар қағандық ғұрыптық еске алу кешенінде Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолияның ҒА Археология институты жүргізген бірлескен археологиялық қазба жұмыстарының 2022 жылғы нәтижесінде көне түркілік руна және соғды тілінде қашалған жазуы бар бітіктастың бір бөлігі, тасбақа тұғыры, антропоморфты бәдіз бөлігі (қағанның жартылай бейнесі) және зооморфты мүсіндер (арыстан мен қой мүсіндері) және т.б. табылды. Әріптестерді далалық зерттеу жұмыстары барысында алынған нәтижелерді салыстырмалы талдау, мерзімдеу, Құтлық Елтеріс қағанға тиесілі екендігін идентификациялау мен дәлелдеу сынды аналитикалық жұмыста сәттілік тілейміз.