Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
Ә.Х. Марғұлан
атындағы
Археология институты
Адрес:
г. Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык, 44
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Марғұлан атындағы Археология институтының журналы

КазНУ

Бастыбет Жаңалықтар «Сырдарияның төменгі ағысындағы ежелгі егіншілер» атты басылымның тұсаукесері өтті

«Сырдарияның төменгі ағысындағы ежелгі егіншілер» атты басылымның тұсаукесері өтті

Бүгін Алматы қаласында Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының ұйымдастыруымен «Сырдарияның төменгі ағысындағы ежелгі егіншілер» ғылыми басылымның тұсаукесері өтті.

Ғылыми басылымды тарих ғылымдарының кандидаты, институттыңң бас ғылыми қызметкері Жолдасбек Құрманқұлов,  Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының ерте темір дәуірі археологиясы бөлімінің жетекшісі Жанболат Утубаев және Мәсккеу қаласындағы Шығыс музейінің аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Сергей Болелов сынды белгілі ғалымдар бірлесіп дайындады.

Тарих ғылымдарының кандидаты, институттыңң бас ғылыми қызметкері Жолдасбек Құрманқұлов «Кітапта Сырдарияның төменгі ағасында орналасқан Шірікрабат мәдениетінің (Бәбіш мола, Бұланды) ескерткіштеріне 2007-2019 жылдары жүргізілген археологиялық қазба-зерттеу жұмыстарының нәтижелері баяндалады. Кітапта ескерткіштердің зерттеу тарихымен және Шірікрабат мәдениетінің елді мекендерінің ескерткіштерінің тарихы жайлы мағлұматтар келтіріледі. Қызылорда облысындағы Шірікрабат мәдениетінің елді мекені Сырдарияның төменгі ағысында б.з.д. I мыңжылдықтың екінші жартысында Хорезммен қатар мемлекеттік жүйе өмір сүрді. Сақ дәуіріндегі елдімекен тұрғындары климат ерекшелігіне қарай егін егу шаруашылығын меңгерді», – деп атап өтті.  

Авторлардың бірі Жанболат Утубаев: «Кітабымызға арқау болып отырған ескерткіштер аталған Жаңадария бойында тіршілік еткен. Жалпы шірікрабат мәдениетіне тән 200-ден аса үлкенді кішілі ескерткіштер бар. Соның ішінде ірі ескерткіштердің саны 12. Қалғандары жекелеген қоныстармен жерлеу орындары. Соның бірі Шірікрабат ескерткіші алғашқы Хорезм экспедициялық зерттеулері бойынша ол қала астана болған деген тұжырымдар бар», – деп атап өтті.

Іс-шараға Еліміздің және Орталық Азияның археология саласындағы көрнекті ғалымдар, әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ, Абай атындағы Қаз ҰПУ, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік орталық музейінің мамандары қатысты.

Атапа өтсек, дөңгелек үстел форматындағы тұсаукесер Қазақстан ғылымы күніне арналды.

 

 

 

 

 

Комментарий қосу



Security code
Басқасын көрсету

 
   
 
2022 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг