Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
Ә.Х. Марғұлан
атындағы
Археология институты
Адрес:
г. Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык, 44
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Марғұлан атындағы Археология институтының журналы

КазНУ

Бастыбет Жаңалықтар Марғұлан оқулары – 2022

Марғұлан оқулары – 2022

2022 жылдың 12-13 сәуір аралығында ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих факультетімен бірлесе отырып, кезекті «Марғұлан оқулары – 2022» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырады. Конференция Қазақстанның ғылым саласы қызметкерлерінің күніне орай ұйымдастырылады.

 

Конференцияда 2021 жылы Қазақстан аумағы мен көршілес мемлекеттерде жүргізілген археологиялық жұмыстардың нәтижелері көрсетіліп талқыланады. 

Әр саланың жетекші ғалымдары ашқан жаңалықтары және зерттеу тәжірибелерімен бөліседі, сондай-ақ археология ғылымын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылайтын болады.

Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

2021 жылғы далалық археологиялық зерттеулердің нәтижелері;

тас дәуірінің зерттеулері;

ерте металл дәуірін зерттеудің жаңа деректері мен нәтижелері;

еуразиялық мәдени кеңістігі контекстіндегі ерте көшпелілер;

орта ғасыр кезеңіндегі қала мен дала;

археологиялық зерттеулердегі пәнаралық тәсілдер;

археологиялық мұраны сақтаудың, консервациялаудың және қалпына келтірудің өзекті мәселелері;

далалық зерттеулердің жаңа технологиялар мен заманауи құжаттау тәсілдері.  

Конференция жұмысына еліміздің жетекші ғалымдары, сондай-ақ АҚШ, Әзірбайжан, Бельгия, Италия, Қырғызстан, Ұлыбритания, Өзбекстан және Ресей ғалымдарының тікелей және қашықтан қатысуы күтілуде. Конференцияда 100-ден астам баяндама тыңдау жоспарлануда.

Конференция аясында «Қазақстанның ежелгі тарихын зерттеудегі археология мен генетика мәліметтерін интеграциялау мәселелері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізіледі. Онда археолог-мамандар мен генетиктер бірлескен зерттеулердің өзекті мәселелерін, ынтымақтастық бағыттарын, генетикалық зерттеулердің қазіргі жағдайы және Республикадағы даму перспективаларын талқылайтын болады.

1989 жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Марғұлан оқулары – 2022» ғылыми конференциясы ғылыми қауымдастықтың ақпарат алмасар, ой бөлісер, әріптестік орнатар және халықаралық ынтымақтастықты нығайтар алаңына айналғаны хақ.

 Конференцияның өтетін орны:  

Алматы қ-, Әл-Фараби ат. Қазақ Ұлттық университеті,

Әл-Фараби кітапханасы, 4-қабат. Үлкен зал.

 Іс-шараның басталуы: 12.04. сағ. 10.00. 

 Байланыс: Әсем Қасенова, +7 707 518 1230, E-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

 

Комментарий қосу



Security code
Басқасын көрсету

 
   
 
2022 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг