Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
Ә.Х. Марғұлан
атындағы
Археология институты
Адрес:
г. Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык, 44
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Марғұлан атындағы Археология институтының журналы

КазНУ

Бастыбет Қызметкерлер Манапова Әлия Мерекеқызы

Манапова Әлия Мерекеқызы

1

Тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР БҒМ ҒК Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының тас және палеометал дәуірі бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері. 

04 қаңтар 1972 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірді. Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының күндізгі аспирантурасында оқуын жалғастырды (1996–1999 жж.). 

2010 ж. «Ә.Х. Марғұлан – археолог» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады (ғылыми жетекшілері: М.Е. Елеуов, Ж. Құрманқұлов). 

1991 жылдан бастап Ә.М. Манапова Алматылық Жаңақұрылыс, Қазақстан-американ, Орталық Қазақстан археологиялық экспедицияларының жұмысына қатысты. 

Тоғыз жылға жуық (2013–2021 жж.) Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 

Ә.М. Манапованың ғылыми жетістіктері республикалық және халықаралық конференциялар материалдарында және ғылыми жинақтарда жарық көрді. Қазіргі уақыттағы Ә.М. Манапованың ғылыми қызметінің негізгі бағыты Қазақстанның археологиялық зерттеулер тарихы мәселесі, сонымен қатар отандық археологияның негізін қалаушы Ә.Х. Марғұланның ғылыми мұрасын сараптау. 

Негізгі мақалалар:

1. Архивное наследие А.Х. Маргулана // Известия Министерства науки-Академии наук РК. 1997. № 1. С. 80-82.

2. Ә.Х. Марғұлан – археолог // Известия Министерства науки-Академии наук РК. 1998. № 1. С. 91-94.

3. Ә.Х. Марғұланның Орталық Қазақстанды зерттеуі // Қазақ мемлекеттігінің қалыптасу кезеңдері мен тарихи тағдырлары: халықаралық ғылыми-теориялық «Марғұлан оқулары» конф. ғылыми жинағы. Жезқазған, 1998. С. 262-266.

4. Ә.Х. Маpғұланның ортағасыр ескерткіштерін зерттеуі // Известия МОН РК. 2000. № 1. 248-257 бб.

5. Ә.Х. Марғұланның Жезқазған аймағындағы неолит ескерткіштерін зерттеуі // Қазақстандағы тарихи-мәдени үрдістердің өткені, бүгіні мен болашағы «Марғұлан оқуларының» конф. ғылыми жинағы. Жезқазған, 2000. 51-55 бб.

6. Жезқазған – ежелгі кеніш орны // Қазақстан Ұлттық энциклопедия. Алматы, 2001. 3 том.

7. Ученый с мировым именем – Алькей Хаканович Маргулан // Azerbaycan arxeologiyasi. 2002. № 3–4. С. 142-146.

8. Поселение металлургов Талдысай в Улытауском регионе // Известия МОН РК. 2003. № 1. С. 36-44 (соавт.: Курманкулов Ж., Ермолаева А.С., Байтилеу Д.).

9. Ә.Х. Марғұлан археология ғылымының негізін салушы // Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Хабаршысы. Қоғамдық ғыл. сер. 2004. № 1. 4-16 бб.

10. Ә.Х. Марғұлан Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының негізін қалаушы // Вестник КазНУ им. Аль Фараби. 2010. № 2 (57). 213-216 бб.

11. Академик Ә.Х. Марғұланның археология ғылымындағы орны // Тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстан археологиясы: қортындылары мен келешегі: халықар. ғыл. конф. материалдары. Алматы, 2011. Т. 1. 51-56 бб.

12. Ғұлама ғалым Ә.Х. Марғұланның археология ғылымына қосқан үлесі // Бегазы-дандыбаевская культура степной Евразии: сб. науч. ст., посвящ. 65-летию Ж. Курманкулова. / Отв. ред. А.З. Бейсенов. Алматы: Институт археологии им. А.Х. Маргулана; Научно-исследовательский центр истории и археологии «Бегазы-Тасмола», 2013. 112-121 бб.

13. Әлкей Хақанұлының зерттеулерінің негізгі бағыты қола дәуірі болды // Аңыз адам журналы. 2013. № 1. 42-44 бб.

14. Ә.Х. Марғұланнның қазақ археологиясындағы мұрасы // Академик Ә.Х. Марғұланның 110 жылдығына арналған «Марғұлан оқулары – 2014» атты халықар. ғыл.-практ. конф. матер. Алматы–Павлодар, 2014. 24-34 бб.

15. Академик Әлкей Хақанұлы Марғұлан мұрасы // Қазақстан археологиясы. 2018. № 1–2. 48-58 бб.

16. Ә.Х. Марғұлан еңбектеріндегі керуен жолдары // Қазақстан археологиясы. 2021. № 4.

Контакты: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

 
 
   
 
2022 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг