Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
Ә.Х. Марғұлан
атындағы
Археология институты
Адрес:
г. Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык, 44
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Марғұлан атындағы Археология институтының журналы

КазНУ

Бастыбет Жаңалықтар II Халықаралық алтаикалық форум

II Халықаралық алтаикалық форум

30 қыркүйек – 3 қазан аралығында Барнаул және Таулы-Алтай қалаларында, Алтай және Таулы-Алтай мемлекеттік университеттерінің базасында «Үлкен Алтайдың түркі-моңғол әлемі: тарихи-мәдени мұра және қазіргі заман» II Халықаралық алтаистік форумы өтті, оның ұйымдастырушылары РҒА СБ Археология және этнография институты, Қазан (Приволжск) Федералдық университеті, Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті, Азия университеттері қауымдастығы болды.

Ресей Федерациясының ғылым және жоғары білім министрлігі, Алтай өлкесінің Үкіметі, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы істері, шетелде тұратын отандастар және халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі федералдық агенттік қолдау білдірді (https://altai2021.asu.ru ).

Пленарлық отырыста Үлкен Алтайдың түркі-моңғол әлеміндегі тарихи-өркениеттік аспектілері мен қазіргі үдерістері қаралды. «Үлкен Алтай – түркілердің арғы атасы» виртуалды мұражайының және «Үлкен Алтай: Ресей – Қырғызстан – 2021» бірінші халықаралық этнографиялық экспедициясының қорытындыларының тұсау кесері өтті. Университеттердің медиа диалогы онлайн-конференция форматында жүргізілді.

Пленарлық мәжілістен кейін «Үлкен Алтайдың түркі халықтары қауымдастығының қалыптасу және даму үдерістерін тарихи-археологиялық зерттеу», «Түркі-моңғол әлеміндегі діни үдерістер», Үлкен Алтай түркі халықтарының бірлігін этнографиялық және этномәдениеттанулық зерттеу»; «Үлкен Алтай халықтарының эпикалық дәстүрлері: мәдени байланыстарды зерттеудің жаңа тәсілдерін іздеу»; «Үлкен Алтай және Орталық Азия халықтарының тілдері»; «Үлкен Алтай және Орталық Азия халықтарының әдебиеті мен фольклоры»; «Үлкен Алтайдың мәдени мұрасы»; «Қазіргі кезеңдегі Еуразиялық кеңістіктегі этносаяси және этноәлеуметтік процестер»; «Үлкен Алтайдың түркі әлеміндегі саяси-құқықтық жүйелері»; «Үлкен Алтай елдері университеттерінің желілік білім беру жобалары»; «Үлкен Алтай өңірлерінің тұрақты дамуы. Экологиялық және әлеуметтік-экономикалық процестерді кеңістіктік талдау және модельдеу»; «Үлкен Алтай мен Орталық Азияның ғылымы мен білімінің медиакеңістігі» тақырыптары сөз болды. Форум аясында «Ресей және түркі әлемі: Үлкен Алтай елдері жастарының көзқарасы» атты жастардың ғылыми форумы өтті.

Жалпы форум Ресей, Моңғолия, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Венгрия, Германия, Финляндия, Түркия және Түркіменстан ғалымдарының басын қосты. «Тарихи-археологиялық зерттеулер» секциясының жұмысына Қазақстан ғалымдары: Н.Е. Бөгенбаев «Түркі дәуіріндегі Алтай өңірі: тарихи-мәдени құндылықтар» (Халықаралық Түркі академиясы, Нұр-сұлтан қаласы), Д.А. Жұмабеков «Ұлытаудың тарихи-мәдени ескерткіштерін зерттеу» (Академик Е. А. Бөкетов ат. Қарағанды университеті), Мерц И.В., Мерц В.К. – «Павлодар Ертісі өңірінен ерте орта ғасырларлық қоныстандырының материалдары» (Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты, Алматы қ.; Торайғыров университеті, Павлодар қ.) атты баяндамаларымен қатысты.

1

 

Комментарий қосу



Security code
Басқасын көрсету

 
   
 
2022 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг