Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
Ә.Х. Марғұлан
атындағы
Археология институты
Адрес:
г. Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык, 44
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Марғұлан атындағы Археология институтының журналы

КазНУ

Бастыбет Жаңалықтар Архарлыға сапар

Архарлыға сапар

ҚР БҒМ ҒК Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институтының басшылығы Институттың аға ғылыми қызметкері А.А. Горячевтың жетекшілігімен археологиялық нысандардың төлқұжаты жүргізіліп жатқан Архарлы шатқалына барды.

Алдында археологиялық нысандар шоғырланған Архарлы шатқалында жүргізіліп жатқан шаруашылық жұмыстар барысында тарихи-мәдени құндылығы жоғары ежелгі жартас суреттер шоғыры жойылған болатын. Еріктілерден құралған «Охотники за петроглифами» тобының жағдайға немқұрайлықпен қарамай, ескерткіштерді жанкештілікпен қорғауы арқасында, қоғамда үлкен резонанс тудырып, бұл мәселеге ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлова назар аударды. Министр бұзылып жатқан археологиялық ескерткіштің орнында кеңес өткізіп, жұртшылықпен бірлесіп, осы учаскені тұрақты бақылау, археологиялық объектілерді сақтауға, ғылыми зерттеулерді ілгерілетуге және туристердің жергілікті жерге баруы үшін жағдайлар жасауға бағытталған шаралар қабылдау туралы шешім әзірленген-ді

(https://www.gov.kz/memleket/entities/mcs/press/news/details/214441?lang=ru).

Аталған шешімнің ғылыми жағын қамтамасыз ету үшін Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институтының қызметкерлері жұмысқа тартылды. Археологиялық нысандарды төлқұжаттау барысында тас дәуірінен бастап этнографиялық кезеңге дейінгі мерзімді қамтитын, топталып орналасқан жүздеген петроглифтер, бірнеше қоныстар мен жерлеу-еске алу кешендері анықталды.

 

Комментарий қосу



Security code
Басқасын көрсету

 
   
 
2022 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг