Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
Ә.Х. Марғұлан
атындағы
Археология институты
Адрес:
г. Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык, 44
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Марғұлан атындағы Археология институтының журналы

КазНУ

Бастыбет Мәдени мұра Айбас Дарасы кешенінің археологиялық зерттелуі. 2009 жылғы Орталық Қазақстан Археологиялық Экспедициясы қорған зерттеу тобының жұмыстары.

Айбас Дарасы кешенінің археологиялық зерттелуі. 2009 жылғы Орталық Қазақстан Археологиялық Экспедициясы қорған зерттеу тобының жұмыстары.

2009 жылы далалық кезеңінде «Мәдени Мұра» бағдарламасы бойынша Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында орналасқан Айбас Дарасы археологиялық кешенінде зерттеу жұмыстары жалғастырылды. Аймақтың тарихи дамуын, жерлеу дәстүрінің ерекшеліктерін, Ұлытаудағы жерлеу тас архитектурасын анықтау мақсатында Айбас өзенінің сол жағалауында, құрғақ өзен арнасы мен Едіге тау жотасы аралығында орналасқан Айбас Дарасы 2 ерте темір дәуіріне жатаын қорғандар қорымына  зерттеу жұмыстарын бастадық. Қорым батыс, оңтүстік-батыстан солтүстік, солтүстік-шығысқа қарай созылып жатқан үш тас-топырақты қорғандардан тұрады. Қазба жұмыстары жүргізу үшін  2005 жылы аймақтың жаңа ескерткіштерін сипаттау барысында  белгісі үшпен нөмірленген (№3) батыс жақтағы шеткі қорған таңдалды. Бұл қорған басқа қорған арасында ең кішісі, оны таңдауда топтың шектеулі мүмкіншіліктері себеп болды.

Қорғанның диаметрі батыс-шығыс осі бойынша 23 метр, биіктігі 1,31 м. Үйіндісі  тас-топырақты, солтүстіктен оңтүстікке қарай созылған. Қорғанның солтүстік бөлігі жоғарылау, ал оңтүстігі жайпақтау.  Орталықта шұңқыр байқалмады. (Сурет 1)
Қорған солтүстік-оңтүстік, батыс-шығыс бағыты бойынша жиектер аралығы 50 см алшақтықты сақтай отырып, 4 секторға бөлінген.  Әрқайсысының қазба аудандары 24 шаршы метрден, сонда жалпы ауданы 500 шарша метр.
Негізгі жұмысты бастамас бұрын қорғанда фотофиксация жүргізілі, беткі қабаттың топографиялық жоспары жасалынды. Қазба ауданы бойынша жоғарғы топырақ қабаты алынды, топырақ қабатының астынан үйіндіні тас қабыршық (панцирь) ретінде жауып жатқан тастар анықталды. Қабыршық төменнен бастап қорғанның биігіне дейін сақина түрінде жиектер бойынша үйіндінің барлық периметрлерін жауып тұр, орталықтың жоғарғы жағында қабыршық кездеспейді. Қабыршықтағы тастар әртекті, оның ішінде тау тастарының сынықтары және өзен тастары  кездеседі. Жоғарғы қабаттың тастары негізінен ұсақ, одан тереңірек тастар ірілеу болып келгендіктен, қабыршық негізін құраған. Жер біртегіс, ұзақ тұрған, сарғыш-қоңыр түсті.
Қорғанның шығыс бөлігіндегі үйіндінің стратиграфиясын анықтау мақсатында үйінді бойынша стратиграфиялық қазба (шурф) орнатылды, ені  1 метр, ұзындығы 8,8 метр. Қорғанды бұзбау мақсатында қима қорғанның орталығына дейін жетпейді.  Одан әрі келесі жағдай анықталды: жоғарғы қабат шөгінді топырақ пен қабыршық топырақ араласқан, қара түсті топырақ қабаты. Аздаған өсімдіктермен жабылған. Тереңіректе ұсақ тастардан құрылған тас қабыршық қабаты кездеседі. Екі қабаттың аралығы сары түсті ұсақ тасты, батпақты топырақпен толыққан. Ұсақ тастар қабатынан кейін қабыршық негізін құрайтын ірі тастар қабаты түзілген. Ол да біртекті ұсақ, батпақты, сары түсті  жайдақ жер қабаты ( грунт ) тастарының астында орналасқан.
Қорғанның жоғарғы қабатынан бастап тас қабыршық қабаттың деңгейіне  дейін тазаланды, фотофиксация және жоғарғы деңгейді кестеге түсіру жұмыстары жүргізілді. Қорғанды ашу барысында жоғарғы аталған жұмыстар атқарылды және де болашақта, келесі далалық кезеңде өз жалғасын табады. 
№ 3 қорғанын қазумен қоса, біздің тобымыз жалпы қорымда зерттеу жұмыстарын жүргізді, қорымның топографиялық жоспары алынды, оның ішінде 3 қорған және төмендегі ескерткіштер (сипаттаулар төменде) де бар, Ұлытау ауданы бойынша барлау жұмыстары атқарылды.


Қорған 2. 1 қорғаннан батыс-солтүстік-батыс орналасқан. Үш қорғанның ішіндегі ең үлкен қорған. Диаметрі 30 метрге жуық, үйіндісі сопақша келген, солтүстіктен оңтүстікке созылған. Қорғанның солтүстік бөлігі жоғарылау, ал оңтүстігі жайпақтау. Қорғанның биігі біркелкі, үйінді жақсы сақталған, шайылмаған десе де болады. Қорғанның биігінде, солтүстік бөлігінде тікбұрыш пішінде шұңқыр бар, ол солтүстіктен оңтүстікке созылып жатыр, қорған биігінен 60 см жуық тереңдікте жатыр. Шұңқыр қазіргі кезеңге жатады, трактор көмегімен қазылған ұқсайды, шұңқырдың топырағы қорғанның солтүстігінде жатыр. Шұңқыр маңайында қазіргі кезеңдік «оба» орналасқан, шұңқыр тастарынан жасалған. Қорғанның солтүстігінде ор байқалды, оның тереңдігі қазіргі кезеңдік жер беткейінен 30 см-ге төмен екені анықталды.
Қорған 1. Тізбектің соңында орналасқан, № 3 қорғаннан 250 метр, № 2 қорғаннан 250 метр 120 метр солтүстік-солтүстік-шығысқа қарай орналасқан. Үйінді тас араласқан топырақ, өлшемдері бойынша қорған 2 және 3 үйінділер аралығындағы орынға сәйкес келеді. Сондай-ақ солар сияқты сопақ. Солтүстік беткейі биігірек, ал оңтүстігі жайпақ. Қорған биігі біркелкі, тас сақина саналатын тастармен қоршалған. Шұңқыр ойпаттармен, орлармен қоршалған, біздің болжауымызша, батысқа қарайғы ойыс үйінді құрау үшін топырақты жинау барысында пайда болған. Қорған орталығында шұңқыр байқалмайды, бірақ бірқатар тастар жиналған, бұл тастар шұңқырдан шыққан тастар немесе «оба» сынықтары, немесе үйінді құрылысы үшін таңдалып қойған тастар.
Айбас Дарасы 2 қорымы құрамында тас қатарлар түріндегі құрылыстар кездеседі, соған қарағанда, қорғанмен  бірге барлығы ғұрыптық жерлеу құрылысының кешені болса керек. Сондай-ақ, зерттеу барысында ақ тастардан тұратын шаршы көлемді қатарлар анықталды. Олар №1 және №2 қорғандар арасындағы жазықтықта орналасқан. Аралары бірдей қашықтықта орналасқан, пішіні сегіздікті еске түсіретін дөңгелекше келген екі қорғандар, қорғандар тізбегінен  оңтүстікке қарай, № 1 қорғанынан 480 метр, № 2 қорғанынан 490 метр, № 3 қорғанынан 500 метр алшақ орналасқан. (Сурет 2)
Қатарлардың қандай мақсатта құрылғаны әлі анықталған жоқ, оған қатысты толық мәліметтерді қазба жұмыстарының соңына қарай беру мүмкіншілігі бар. Бірақ қатарлардың орналасуына қарап, объектілер арасындағы бірдей қашықтықты ескере отырып, өзара байланысты астрономиялық негіздегі құрылыстардың бірі болуы мүмкін деп болжанып отыр.
Сонымен қатар, қазба жұмыстарынан басқа, алдағы жылдары қарастылып келген  аймақтың  басқа да археологиялық ескерткіштеріне зерттеу жұмыстары жүргізілді. Түркі кезеңінің қоршаулары анықталды, бұзылу үстіндегі Ұлытау қорымының сипаттамасы жасалынды. 
Айбас Дарасы 2 қорғандар қорымының зерттеу жұмыстарын келесі далалық кезеңде жалғастыру жоспарға алынып отыр.

Суреттерге түсіндірме:

Сурет 1. № 3 Қорғанының оңтүстік-батыс жағынан түсірілген жалпы көрініс.
Сурет 2. Айбас Дарасы 2 қорымының топорграфиялық жоспары.

 
 
   
 
2022 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг