Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
ИНСТИТУТЫ
Археологиясы
аты А. Х. Маргулана
Адрес:
Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык 44
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Марғұлан атындағы Археология институтының журналы

КазНУ

Бастыбет Рухани жаңғыру Қазақстан археологиясы

Қазақстан археологиясы

2019 ж. 17 қазан күні Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтында белгілі археолог С.М. Ақынжановтың 80 жылдығына арналған жас ғалымдардың халықаралық конференциясы болып өтті. Тыңдалған баяндамалар Қазақстанның тас дәуірі, қола дәуірі, ерте темір және ортағасырлардағы өзекті мәселелеріне арналған.

 Жалпы конференция барысында «Сырдарияның төменгі ағысында орналасқан ортағасырлық оғыз қалаларындағы жаңа зерттеулерге қысқаша шолу» және «Көне дәуірдегі мал шаруашылығы мен аңшылықтың маңызы (остеологиялық материалдар негізінде)» атты баяндамалар жас археологтар арасында үлкен пікірталасқа ұласты. Конференцияға Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогика университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Курган мемлекеттік университеті (Курган қ., РФ), Кемерово мемлекеттік университеті (Кемерово қ., РФ), Қазақ Бас Сәулет Құрылыс Академиясының студенттері және «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі, «Есік» мемлекеттік тарихимәдени қорық музейі, «Археологиялық экспертиза» ЖШС және Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының жас ғалым-ізденушілері қатысып, ғылыми зерттеу жұмыстарын жарияланымға ұсынды. Түйін сөздер: Ә.Х. Марғұлан, С.М. Ақынжанов, институт, қорық, музей, археология, конференция, жас ғалымдар, шеберлік сабағы, остеология.

 

Ознакомиться с материалом

 
 
   
 
2020 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг