2019 жылдың 03 сәуірінде Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтында «Қазақстан Археологиясы» журналының алғашқы 2 нөмірі алғаш рет таныстырылды. Журналдың тұсау кесеріне ҰҒА академигі М. Жұрынов, академик Ә.Х. Марғұланның қызы Данель Марғұлан, сонымен қатар Қазақстанның жетекші археологтары – т.ғ.д., профессор Ә.Т. Төлеубаев, т.ғ.д., профессор В.Ф. Зайберт, т.ғ.д., профессор М.Е. Елеуов, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология инстиутының директоры, т.ғ.д. З.Е. Кабульдинов, ҚазҰУ-дың Тарих, археология және этнология факультетінің деканы, т.ғ.к. М.С. Ноғайбаева, «Ғылым Ордасының» директоры Б.Т. Төлтаев және т.б. қатысты.
Журналдың тұсау кесерінде құттықтау сөздерін айтқан қонақтар, аталған іс-шараның Қазақстан археология ғылымы үшін маңызды екендігін айта келе, журналдың әрі қарай дамуына өз тілектерін білдірді.
Тұсау кесер соңында журналдың алғашқы екі нөмірі Ғылым академиясының кітапхана қорына және келген қонақтарға тапсырылды.
«Қазақстан Археологиясы» журналының электронды нұсқасы Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ресми сайтында жарияланды