Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
ИНСТИТУТ
АРХЕОЛОГИИ
им. А. Х. Маргулана
Адрес:
г. Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык, 44
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Журнал Института археологии им. А. Х. Маргулана

КазНУ

Главная Конференции Семинар г-м.ғ.д. БҒҚ Нигматова С.А. "Археологиядағы геоархеологиялық және палинологиялық әдістер"

Семинар г-м.ғ.д. БҒҚ Нигматова С.А. "Археологиядағы геоархеологиялық және палинологиялық әдістер"

19.04.2019 ж. Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтында г.ғ.д. БҒҚ Нигматова Саида Араповна «Геоархеологические и палинологическеи методы в археологии» атты тақырыпта семинар өткізді. Семинардың негізгі мазмұны археологиядағы пәнаралық зерттеулердің ролі, өсімдік тозаңы мен спораларын зерттеу нәтижелері, топырақ қабатының құрылымдарын зерттеуде назар аударатын ерекшеліктер және дендрохронологиялық зерттеулер турасында болды. Семинар барысында тақырыптың негізгі мысалы ретінде Шарын каньонының гео-картографиясы, Түрген шатқалындағы қола дәуіріне тән қоныстарға салынған стратиграфиялық шурфтан топырақ үлгісін алудың алгоритмдері көрсетілді. Сонымен қатар, археологиялық қазба жұмыстарында шартты белгілер мен шифрлаудың ортақ үлгілері талқыланды. Семинар соңында өсімдік тозаңдарының лабороториялық өңдеуден өту кезеңдері, жалпы хронологиялық ауқымы және зерттеу нәтижелерін алу тәсілдері мен қолдану ережелері, топырақ үлгілерін алудағы жіберілетін қателіктер талқыланды.

 
 
   
 
2021 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг