2018 жылдың 28 қарашада Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтында «Жас археолог» жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылау аясында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелде институт ғалымдары мен жастар арасында пікір алмасулар жүріп, мақаланың негізгі бағыттары талқыланды. Аталған жиында Б.Ә. Байтанаев, А.С. Ермолаева, О.А. Артюхова, А.А. Горячев, Г.С. Джумабекова, Г.Б. Базарбаева, Е. Ақымбек - металлургия тарихы, негізгі ошақтары мен ерекшеліктері, Ұлы Жібек жолындағы жылқының рөлі мен қазақ халқындағы жылқы малының маңыздылығы, қола дәуірінің қоныстары мен тұрғындардың тұрмыстық-мәдени жағдайлары, сақтардың аң стилінде жасалған әшекей бұйымдары жөнінде баяндама жасады.
Жиналыс барысында Елбасының мақаласы ғалымдар мен жас ғалымдардың тарапынан қолдау тапты.