Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
Ә.Х. Марғұлан
атындағы
Археология институты
Адрес:
г. Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык, 44
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Марғұлан атындағы Археология институтының журналы

КазНУ

Бастыбет Жаңалықтар

Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі орталығы ынтымақтастық меморандумы

2021 жылы 26 қазанда Алматы қаласында ҚР БҒМ ҒК Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі орталығы ынтымақтастық туралы меморандум қабылдады. Екіжақты келісімге Институттың бас директоры Ақан Оңғарұлы мен Орталық директоры Рақат Мамбеталинов қол қойды.

 
Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2021 жылы 26 қазанда Алматы қаласында ҚР БҒМ ҒК Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті КеАҚ арасында ынтымақтастық жөнінде  Меморандум қабылданды. Екіжақты келісімге институттың бас директоры Ақан Оңғарұлы мен университет ректоры Бейбіткүл Кәрімова қол қойды.

 
2021 жылғы Таранғұл қонысындағы археологиялық зерттеулердің нәтижелері

2021 жылы  Ә. Х. Марғұлан атындағы археология институтының археологиялық отряды. Тарангул археологиялық кешенінде зерттеуді жалғастырды. Ескерткіш Ақтөбе облысының Қарағалы ауданында, Қос Естек ауылдық округінен солтүстікке қарай 6,3 км, Қос Естек кенті мен Эрзерум (бұрынғы Большевик кенті) арасындағы грейдер жолынан батысқа қарай 1,5 км, Таранғұл және Жалғызағаш өзендерінің қосылған жерінен солтүстік-батысқа қарай 1,4 км жерде орналасқан. Айта кетейік, Таранғұл археологиялық кешені 2019 жылы ашылды, ал жүйеге кіретін кешен қонысы мен қорымын толыққанды зерттеу 2020 жылы басталды.

 
Ресей ғылым академиясының материалдық мәдениет тарихы институтымен ынтымақтастық Меморандумы

2021 жылдың 26 ​​қазанында Алматыда ҚР БҒМ ҒК Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты және Ресей Ғылым академиясының Материалдық мәдениет тарихы институты арасында ынтымақтастық меморандум қабылданды. Екіжақты келісімге Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры Ақан Оңғарұлы және Материалдық мәдениет тарихы институтының міндетін атқарушы Андрей Поляков қол қойды.

 
Жамбыл облысындағы Шу-Талас отрядының 2021 жылғы жұмыстары туралы

2021 жылдың далалық маусымында Шу-Талас жасағының (жетекшкші А. Е. Рогожинский) Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институтының қызметкерлері  Жамбыл облысы аумағындағы ортағасырлық екі Аспара және Шаруашылық қалашықтарында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуде.   Тарихы өте бай ежелгі екі қалашық та Шу-Талас өзендері аралығында орналасқан. Қазба жұмыстары енді ғана басталды, бірақ зерттеудің аралық нәтижелері көрсетіп отырғандай, қызықты мәліметтер көбейе түсті.

Аспара қалашығы Қырғыз Алатауының етегіндегі ең көрікті жерде орналасқан. Аспара туралы алғашқы жазбаша мәліметтерді 629-645 жылдары Қытайдан Үндістанға барып қайтқан атақты монах-саяхатшы Сюань-Цзан жазып қалдырған. Аспар туралы мәліметтер IX–X ғасырлардағы  ортағасырлық араб  авторлары ибн Хордадбех пен Кудама ибн Джафардың жазбаларында кездеседі. XIV ғасырдың соңында Әмір Темір мұнда Моғолстан билеушілерінің шабуылына қарсы тұруға тиіс қуатты бекініс құрды. Қаланың цитаделі мен шахристан қалдықтары өте жақсы сақталған, өлі қаланың қирандыларының керемет көрінісі бүгінде туристер мен археологтарды таң қалдырады.

Аспарадағы осы маусымдағы қазба жұмыстары бекініс қабырғаларының жанындағы цитадельдің оңтүстік-батыс бөлігінде шоғырланған. Кеш құрылыс көкжиегін жабатын өрт қабатында төртбұрышты саңылауы бар бір қола монета табылды, XIII-XIV ғасырлардағы моңғол-қытай чеканы (Юань әулеті) болуы мүмкін. Сондай-ақ, үш темір жебенің ұштары және сүйектен жасалған бір жебе табылды. Зерттеулер нақ осы бекініс қабырғаларының жанында жүргізілгендіктен, цитадельдің ішіне түскен жебелер қаланы жаулардан қорғау кезінде атылғаны күмән келтірмейді. Жалпы, бұл маусымда археологтардың жолы болды десек болады, қалашықты қазу кезінде Тимуридтер дәуіріне жатуы ықтимал күміс монета да табылды.

Егіншіліктің бекітілмеген қонысы Талас даласы мен Мойынқұм құмды шөлінің түйіскен жерінде орналасқан. Соңғы орта ғасырлардағы сауда жолдарының бірінде орналасқан бұл ерекше қонысты археологтар ұзақ уақыт бойы айналып өтті. Биылғы маусым маңызды әрі құнды олжаларға толы болды. Шекаралар анықталып, елді мекеннің әртүрлі бөліктерінде барлау жұмыстары басталды.  Қараханидтер мен моңғол кезеңдерінен XV ғасырдың басына дейінгі қызықты керамика топтамасының көптігі таң қалдырады. Ыдыс-аяқтар жиынтығы ерекше сирек кездесетін әсем   сәндік үлгілерімен ерекшеленеді, бұл бір кездері осында өмір сүрген қоныстанушылардың өмір сүру деңгейінің және олардың эстетикалық талғамының жоғары болғанын көрсетеді. Әртүрлі эмиссиялы монеталар, мыс зергерлік бұйымдар, темір бұйымдардың дайындамалары, бағалы ыдыс-аяқ бұйымдарының табылуы – осының барлығы қоныстанушылардың қолөнер саудасының даму сипатын көрсетеді. 

1 2
3 4
 
«Марғұлан оқулары – 2021»: «Ұлы дала этномәдени зерттеулер контекстінде» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2021 жылдың 26-27 қазанында ҚР БҒМ ҒК Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ұйымдастыруымен «Марғұлан оқулары – 2021. Ұлы дала этномәдени зерттеулер контекстінде» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

 
Установлено происхождение современных домашних лошадей

Лошади современного морфологического типа были одомашнены около 2200 лет до н.э. в районе Понтийско-Каспийских степей и Северного Кавказа. В последующее время они распространились по Азии и Европе. Исследование опубликовано 20 октября 2021 года в журнале Nature (https://www.nature.com/articles/s41586-021-04018-9.).

 
II Халықаралық алтаикалық форум

30 қыркүйек – 3 қазан аралығында Барнаул және Таулы-Алтай қалаларында, Алтай және Таулы-Алтай мемлекеттік университеттерінің базасында «Үлкен Алтайдың түркі-моңғол әлемі: тарихи-мәдени мұра және қазіргі заман» II Халықаралық алтаистік форумы өтті, оның ұйымдастырушылары РҒА СБ Археология және этнография институты, Қазан (Приволжск) Федералдық университеті, Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті, Азия университеттері қауымдастығы болды.

 
Ғылыми кеңестің VII-шы отырысы

Ұлттық ғылым академиясының кітапханасында ҚР БҒМ ҒК Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институты Ғылыми кеңесінің кезекті VIІ-ші отырысы өтті.

 
Ғылыми кеңестің VI-шы отырысы

Ұлттық ғылым академиясының кітапханасында ҚР БҒМ ҒК Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институты Ғылыми кеңесінің VI-шы отырысы өтті.

 
Архарлыға сапар

ҚР БҒМ ҒК Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институтының басшылығы Институттың аға ғылыми қызметкері А.А. Горячевтың жетекшілігімен археологиялық нысандардың төлқұжаты жүргізіліп жатқан Архарлы шатқалына барды.

Алдында археологиялық нысандар шоғырланған Архарлы шатқалында жүргізіліп жатқан шаруашылық жұмыстар барысында тарихи-мәдени құндылығы жоғары ежелгі жартас суреттер шоғыры жойылған болатын. Еріктілерден құралған «Охотники за петроглифами» тобының жағдайға немқұрайлықпен қарамай, ескерткіштерді жанкештілікпен қорғауы арқасында, қоғамда үлкен резонанс тудырып, бұл мәселеге ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлова назар аударды. Министр бұзылып жатқан археологиялық ескерткіштің орнында кеңес өткізіп, жұртшылықпен бірлесіп, осы учаскені тұрақты бақылау, археологиялық объектілерді сақтауға, ғылыми зерттеулерді ілгерілетуге және туристердің жергілікті жерге баруы үшін жағдайлар жасауға бағытталған шаралар қабылдау туралы шешім әзірленген-ді

(https://www.gov.kz/memleket/entities/mcs/press/news/details/214441?lang=ru).

Аталған шешімнің ғылыми жағын қамтамасыз ету үшін Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институтының қызметкерлері жұмысқа тартылды. Археологиялық нысандарды төлқұжаттау барысында тас дәуірінен бастап этнографиялық кезеңге дейінгі мерзімді қамтитын, топталып орналасқан жүздеген петроглифтер, бірнеше қоныстар мен жерлеу-еске алу кешендері анықталды.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL
 
   
 
2022 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг