Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
Ә.Х. Марғұлан
атындағы
Археология институты
Адрес:
г. Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык, 44
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Марғұлан атындағы Археология институтының журналы

КазНУ

Бастыбет Мәдени мұра «Хан-Ордасы қалашығының археологиялық зерттелуі» тақырыптағы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ЕСЕП

«Хан-Ордасы қалашығының археологиялық зерттелуі» тақырыптағы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ЕСЕП

Смаилов Ж.Е., Ахатов Г.А., Туртулов А.Н.

Ортағасырлық Хан Ордасы қалашығы Жезқазған қаласынан 86 км қашықтықта, Қаракеңгір өзенінің сол жақ жағалауында орын тепкен.
Хан Ордасы  қалашығы Қаракеңгір өзеніне құятын Ақсай өзенімен пайда болған үстіртте Жезқазған қаласынан солтүстікке қарай 80 шақырым жерде Дүзен мазарының қасында орналасқан.
Қалашықтың географиялық координаттары:  N 48º 30.040¢  Е  067º 38. 978¢
Қалашықтың қалдықтары біздің уақытымызға дейін өте жақсы сақталған деуге болады. Қалашық төртбұрышты құрылыс болып келеді. Бұрыштары әлемнің төрт жақтарына қарап тұр. Айналасы 7м. ені мен 1,5м. тереңдігі бар ормен қоршалған.  Қалашықтың солтүстік-шығыс жағында цитадель орналасқан. Қалашық жарларының бұрыштары мен ортасында биіктігі 2м.., диаметрі 10нан 12м. ге дейін жететін мұнара қалдықтары белгіленген.
Оңтүстік-шығыс жағында, қалашықтың оңтүстік бұрышынан 25м. қашықтықта үйіндінің ені 4,5м.ге жететін төменделуі көрінеді. Бұл қалашыққа кіретін жол болу керек.   Цитадель қалашыққа екі жақтан жалғастырылып салынған үшкамералы құрылыс. Ал ішкі жағынан қалашықтың алаңынан ор және үйіндімен аластатылған. Оңтүстік  бұрышта және  цитадельдің оңтүстік –батыс жағының ортасында мұнаралар  үйінділері белгіленгін. Қалашықтың батыс жағы территориясында ежелгі суару жүйесінің қалдықтары байқалған. Ол - ені 3м.ге жететін арықтар.
Қалашықтан оңтүстікке қарай, Қара-Кеңгір өзенінің жағалауында топырақ төмпешіктер түрінде келетін қоныстар анықталған. Қоныстар бетінен илемелік және станоктік керамиканың ұсақ-ұсақ фрагменттері жиналған. Цитадельдегі жұмыстардың негізгі мақсаты болып, ескерткіштің хронологиясы, стратиграфиясы және планиграфиясы бойынша мәлімет жинау еді. Цитадельдің оңтүстік қабырғасының ішкі бойымен салынған жалпы аумағы 140 кв.м. болатын қазба, қалашық цитадельінің оңтүстік-шығыс бұрышынан салынған қазбаның жалғасы болып табылады. Қазба батыс бөлікке кеңейту арқылы жүргізілді. Цитаделдің дәл осы тұсында (оңтүстік дуал қабырғада) ортаға тақау қақпа орны жақсы байқалады.   
Қазбаның ішінен екі тұрғын жайдың кешенінің қалдықтары тазартылды. Тұрғын жайлардың көлемдері үлкен емес. Бөлмелер жарлары саз балшық қабаттарынан және ұсақ қиыршық тасратдан салынған. Едендері сазбен тегістелген. Бірақ едені барлық жерде кездесе бермейді. Бөлмелер интерьерінде жарлады бойлай суфалар кездеседі. Жарлар ені 50см.ге дейін жетеді. Тұрғын үйдің бірінші бөлмесі қазу жұмыстарына қарай жақын тазартылған. Бөлме төртбұрышты, оның оңтүстік қабырғасы бекіністің жары болып келеді. Бөлменің оңтүстік бекініс қабырғасы 1м., іргетасындағы ені 1м. және жоғарғы жағында 70см. құрайды.
Бөлменің көлемі 3,5 м (О-С) х 3 м (Ш-Б). Бөлменің барлық кеңістігін  г-тәріздес суфа қалдықтары құрайды. Шығыс және оңтүстік жарлар бойында да сақталған. Суфалардың шамамен алатын көлемі 2,1 м х 0,9 м, биіктігі 0, 3 м. болып келеді. Суфаның шет жағалары орташа келген тастардан қаланған. Ал іші күл мен қалыңдығы 7см ге дейін жететін қоңыр-қызыл топырақпен толтырылған қабаттар құрайды. Бөлмедегі еден қатты тегістелген. Сазбен сыланбаған. Бөлменің кіретін есігі солтүстік-батыс жағындағы солтүстік жарда болған деуге болады. Ені 65 см.
Екінші бөлме бірінші бөлмеден батыста орналасқан. Ол да төртбұрыш пішінді, үлкен емес. Көлемі шамамен 3 х 3 м. Қабырғалары балшықтан салынып, 25см. биіктікте сақталған. 
Бөлмеде шығыс жарды бойлайтын суфа конструкциясының қалдығы тазартылған, көлемі 2,3 м х 0,7 м, биіктігі 25 см. Суфаның іші оңтүстік-шығыс бұрышында шетке қарай тастар төселген.
Бөлменің дәл ортасында диаметрі 1м. болып келетін шаруашылық шұңқыр тазартылған. Оның да оңтүстік жары бекініс қабырғасы болып келеді. Батыс қабырғасы нашар сақталғын, оңтүстік жағында ені 65см. жететін жар қалдықтары белгіленген. Бұл бөлменің де едені қатты тегістеліп, сазбен сыланбаған. Кіретін есігі байқалмайды. Оның да кіретін есігі солтүстік қабырғада болғаны ықтимал. Ал ені 65см. Кіретін есік тамбур тәріздес болған деуге болады. Себебі солтүстік жардың сыртқы жағында көлемі 1,1 м х 0,80 м, биіктігі 10 см. келетін балшықтан жасалған кертпеш қалдықтары жалғасады.
Солтүстіктен тұрғын жайдың бөлмелеріне кең аула жалғасқан. Ауланың тазартылған шағын территориясында ошақ орындары мен күл қабаттары айқындалған. Ауланың ешқандай қоршаулары байқалмаған.  Батыс жақтан екінші бөлмеге жақынырақ жерге қарай балшықтан салынған қабырғалардың қалдықтары мен балшық қабырғаның сынықтары жатыр. Бұл цитадельге кіретін жол болуы мүмкін. Кейін тазарту жұмысы барысында тегістелген еденнің фрагментін көруге мүмкіндік берді.
Бақылау мен қазу жұмыстары нәтижесінде, цитадель кеңістігінің алғашқы көлемі кішкентай болды деп, пайымдауға болады.Кейінірек оңтүстік жаққа қарай 12м.ге дейін алыстатылып, ескі қабырға тұрғын үйдің қабырғасы  ретінде қызмет еткен болуы мүмкін. Бұл пікірді цитаделдің қорған қабырғасын бойлай, оңтүстік-шығыс бұрышындағы құрылыстарға жүргізілген аршу жұмыстары растайды.  Бұл жерде үлкен тастар мен саз балшық араласа жасалған, суфаның қалдығы болуы мүмкін құрылыс орны аршылды. Құрылыс цитадел алаңын кеңейтіп, оңтүстік дуал қабырғаны жарым жартылай бұзғаннан кейін салынса керек.   
Цитадел аумағын кеңейткеннен кейін, оңтүстік бөліктегі алаң да құрылыс орныны айналған, өйткені жаңа (оңтүстіктегі) қабырғаны бойлай, шығыс және батыс қабырғалардың едәуір биіктіктері жақсы байқалады. Оңтүстік қабырғаның осы тұсынан және бір қақпа орны болған биік бөлігі жақсы байқалады. 
Қыш.  Керамиканы жасау техгологиясына қарап, екі түрге бөлуге болады: илемелі және станоктік . Бұл кезеңнің қыштің қалдықтарының негізгі бөлігі илемелі қышқа жатады. Илемелі қыш гранит сүрегі мен құм қосылып, қолмен жасалған ұсқынсыз ыдыстан көрініс табады.  Көбінесе бұл қазан мен сыртқа қарай шығып тұратын ернеулі , тегіс табанды томпақ құмыралар болып келеді. Қыш ыдыстар көбінесе венчиктің немесе оның астындағы валигі домалақ, жартылай овалды, тырнақ тәріздес, нүктелер әшекейленген.   Ондай өрнектермен құмыра мойындары да безендірілген, кейбір фрагменттер кесілген көлденең иректермен де өрнектелетін. Бұл топ қышына кішкентай, ілмек тәріздес овалды және төртбұрышты тұтқалар жатады. Станоктік керамика құмыралар жарлары мен тостағандардың ұсақ фрагменттерінен көрініс табады. Сыртқы жағынан бұл фрагменттер қызыл түстен сарғыш түсті болып келелді.  Өрнектер тек бірнеше ғана фрагментте кездеседі.       Дөңес тәрізді құмыралар фрагменттері кездеседі. Ол сапалы балшықтан жасалған. Ирек және түзу сызықтармен өрнектелген.
Қала цитаделінің қорған дуалына салынған кесік. Стратиграфиялық кесік цитаделдің шығыс қабырғасының сыртқы бөлігінен салынды.  Кесік биіктігі 1,7м. болатын саз балшықтан салынған қабырға орнын анықтады. Жоғарғы жағының ені 1м. іргетасының ені 1,6м. Ішкі бөлігінен саздан жасалынған жеке блоктар табылды. Қабарғаның кейбір жерлерінен ұсақ және майда тастар кездеседі.   Кесіктің оңтүстік бөлігінен 170 см. тереңдікте бірнеше тастардың қалдықтары тазартылды. Төменірек материк қабаты анықталды. 1м тереңдікте сүйектердің жеке бөліктері мен бірнеше ұсақ қыш-құмыра сынықтары кездесті. 
Хан-Ордасы қалашығының  молалары.  Қалашықтан 200 м. батысқа қарай, жүйесіз созылған дөңгелек пішінді қорғандармен ұсынылған. Қорғандардың үйіндісін топырақ пен тас құрайды.  Мола қорғандарының көбісі аумақты егістікке пайдалану  жұмыстары кезінде қираған.
Зерттеуге алынған қорған, төртбұрышты құрылыстың қасынан оңтүстікке қарай 100м. қашықтықта орналасқан. Пішіні төртбұрыш тәріздес, көлемі 34 х 34 м, биіктігі 0, 7м.ге дейін жетеді. Қорған дөңгелек пішінді, диаметрі  6,5 м (С-О), биіктігі 0, 3 м. болып келген, үйіндісін топырақ пен тас құрайды. Тас конструкциясын тазарту кезінде жануарлар сүйектері мен керамика фрагменттері аршылған. Жерлеу орны мазаланған. Марқұмның сүйегі сақталмаған. Қабірдің ішкі конструкциясы зерттелген.
Жалпы алғанда, Хан-Ордасы қалашығы Орталық Қазақстанның көптеген қалашықтары секілді бірқабаттылықпен ерекшеленеді.

 

               Цитаделде жүргізілген қазба арқылы, барлық құрылыстардың қақпаның ішкі бойымен салынғандығы анықталды. Үйлер кіші көлемде болған. Құрылыс қабырғалары саз балшықтан жасалынған, үйлердің ішкі құрылысында суфа қалдықтары мен қоқыс шұңқырлары кездеседі.  
Кейінірек цитадел оңтүстік беттегі құрылыс алаңдары арқылы өз аумағын кеңейтеді.
Топографиялық ерекшеліктер бойынша Хан-Ордасы қалашығына Солтүстік-шығыс Жетісу төрткүлдер топографиясы жақын келеді.



Сурет 1. Хан Ордасы қалашығының цитаделдегі тұрғын үй бөлмесі

 
 
   
 
2022 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг