Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
Ә.Х. Марғұлан
атындағы
Археология институты
Адрес:
г. Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык, 44
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Марғұлан атындағы Археология институтының журналы

КазНУ

Бастыбет Мәдени мұра Ортағасырлық Отрар қаласындағы 2009 ж мауысымындағы археологиялық зерттеулер есебі.

Ортағасырлық Отрар қаласындағы 2009 ж мауысымындағы археологиялық зерттеулер есебі.

Байпақов К.М., Воякин Д.А., Долгушев А.С.

2009 жылдың мауысымында орта ғасырлық Отрар қаласының оңтүстік дарбазасының қабырғаларын аршу жалғастырылды.
Археологиялық зерттеу жұмыстарын бастау алдында, қазба орнында тазалау жұмыстары өткізілді: дарбазаны табиғи әсерден сақтау үшін қамыстан жасалған қоршаулар алынып, өсімдіктер және күл-қоқыстан тазаланды. Шахристандағы 11,12 және 15,16 кварталдарда қайта қалпына келтіру жұмытсары жүргізілді. Сылақпен орта ғасырлық тұрғын жайлардың қабырғалары сыланып, бұзылып жатқан қабырға бөліктері қалпына келтірілді. Одан басқа, қазіргі кезде қойылған дарбазадан ескеркіштің өзіне дейін өтетін жол бйында жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Дарбазаның мұнаралары солтүстіктен оңтүстікке қарай қаланған. Солтүстік мұнара дарбазаның сыртына 23 м, ал оңтүстік мұнарасы 32 м сытрқа қарай шығып тұр. Олардың іргетасы 4,1 м тереңдікте орналасқан. Мұнаралар, көлемі 27,5х27,5х6 см болатын, күйген кірпіштен қаланған, қаландының ені 1 м. Бір-бірінен 3,8 м қашықтақта орналасқан. Оңтүстік мұнараның іргетасы жартылай дөңгелек жасап (диаметрі 7м), қабрғаға түйісіп жалғасады. Мұнараны бірнеше рет қайта жөндеуге ұшарағаны анық байқалады. Кейбір бөліктері сынған кірпіштерге толы. Оңтүстік – шығыс бөлігінде жөндеу жұмыстарының іздері 1,5 м тереңдікке дейін байқалады. Мұнара қаландысының құландсысын тазалау барысында қабырғаның сыртын әшекейлейтін, оюланған кірпіш және бесбұрышты кірпіш табылды. Мұндай сияқты оюланған кірпіштер Отрар қаласының ХVІ ғ. жататын мешітті зерттеу барысында табылған. Соңғы жөндеу жұмыстары ХVІ ғ. аяғы – ХVІІ ғ. басында жүргізілген.
Қазба жұмыстар барысында көп мөлшерде қызыл және сұр түсті, шыңылтырылған және сырланған ыдыс сынықтары кездеседі. Одан басқа, қазба жұмыстар барысында темірден жасалған жебенің ұшы, сауыт сайманның кейбір қалдықтары, зергерлік бұйымдар ішінде сырға, білезік, ақық тастардан жасалған моншақтар, жүзік көздері көптеп кездеседі. Кейінгі орта ғасырларда Отрар қаласында темір өндірісінің дамуына дәлел болатын көптеген шлак табылды.
Мұнара жанынан қалыңдығы 1 м кірпіш құландысы табылды. Олардың бәрінде күйе іздері байқалады. Яғни қабырға немемсе мұнара өрт әсеріне тиген.
Кейін, мұнаралар бұзылған соң олардың орнында тұрғын бөлмелер мен шеберханалар салынды. Оңтүстік мұнара орнында темір шеберханасы табылды. Оған дәлел көп мөлшерде табылған шлак қалдықтары және күл қалдықтары.
Стратиграфиялық зерттеулерге қарай отырып, қамалдың үш рет су тасқынына ұшырағаны туралы айтуға болады.
Оңтүстік мұнара бөлігінде табылған барлық табылған артефактілер лабораториялық сараптаудан өтеді. Табындылардың салынып, зертееу нәтижелері ғылыми мақалаларда жарияланады.

 

Весидж қалашығы.

2009 ж. мауысымында Весидж қалашығының цитаделінде археологиялық жұмыстар жалғастырылды. Қазбаның мақсаты моңғол-татар дәуіріне дейін жататын мәдени қабатарды анықтау.
Ескерткіштің үстіңгі қабаты қалың арам шөп өсіп кеткен, ортасында шұңқыр бар. 1986 ж. осы ескеркішті Грошев В.А. зерттеген. Сондықтан жұмыс бұрынғы қазбаны тазалаудан басталды. Тазалау барысында шыңылтырылған және сырланған ыдыс сынықтары табылды. Осыған ұқсас ыдыс сынықтары Отрар қаласында да кездеседі. Қабырға кесектерінде күйе іздері көп кездеседі.
Солтүстік қабырға тұсында тазалау барысында екі адам қаңқасы табылды. Болжау бойынша бұл ересек және жас адам қаңқалары және олар XVIII ғ жатады. Қабірлерді қазу барысында XIII - XVI ғғ. жататын мәдени қабат анықталды.
Қабырға құландысы тазартылғаннан кейін өрт іздері байқала басталды: күйе іздері қалған кірпіштер, ағаш күлдер және т.б. Одан басқа, құландыны аршу кезінде қызыл және ақ түске сырланған, оюланған ыдыс сынықтары табылды. Сынықтар арасында ыдыстардың ернеулері, кеселердің түб бөліктері, шыңылтырылған құмыралардың бүйірлері көп мөлшерде кездеседі. Оюлар горизонтальді және толқын тәрізді сызықтармен берілген. Мұндай ыдыстар карахан, хорезм дәуірлерінде және оңтүстік Қазақстанның XII - XIII ғғ. жататын ортағасырлық қаларында кездеседі. Кейбір қыш өнімдер сауда керуен жолдармен келген, яғни көрші мемлекеттермен сауда саттық қатынастар қарқынды дамыған. Әшекей бұйымдар шыны моншақтар мен мыстан жасалған цилиндр тәрізді мошақпен берілген.
Шахристанның археологиялық зерттеулер жүргізіліп жатқан солтүстік бөлігі XII – XIII ғғ. басында өрт әсерінен жойылғаны анық байқалады. Оған дәлел көптеген күл қалдықтары, күйе іздері бар кірпіштер және құлаған қабырға кесектері. Бұл оқиғадан кейін бөлмелердің планировкасы өзгертіліп, бұрыңғы іргетас үстіне жаңа тұрған жайлар тұрғызылды.



Сурет 1. Қамалдың оңтүстік қабырғасының тұсындағы ор ішіндегі қазба жұмыстары.


Сурет 2. Вид будущего места раскопа. В центре западина, кустарники жынгыла и норы грызунов

 
 
   
 
2022 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг