Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
Ә.Х. Марғұлан
атындағы
Археология институты
Адрес:
г. Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык, 44
Телефоны:
+7 (727) 272 06 99 - приемная
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Марғұлан атындағы Археология институтының журналы

КазНУ

Бастыбет Жаңалықтар Талантты ғалым Юлий Сергеевич Худяковтің есімі мәңгі сақталады

Талантты ғалым Юлий Сергеевич Худяковтің есімі мәңгі сақталады

Юлий Сергеевич Худяков (08.12.1947–24.12.2021) – көрнекті ғалым, тарих ғылымдарының докторы, Ресей Ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің археология және этнография институтының бас ғылыми қызметкері, Новосибирск мемлекеттік университетінің профессоры.

Юлий Сергеевич – Сібір қару-жарақ саймандарын зерттеу мектебінің негізін қалаушы. Ғалымның ғылыми мұрасы оңтүстік Сібір мен Орталық Азияның ежелгі және ортағасырлық көшпенділерінің қару-жарақ пен әскери құрал-саймандарын жіктеу және мәдени-хронологиялық атрибуттау мәселелеріне арналған бір жарым мыңнан астам мақалалар мен ондаған монографияларды құрайды. Ғалым ежелгі қару-жарақ саймандарын зерттеуде құнды еңбектерімен әйгілі болды. Қару-жарақтардың барлығы дерлік   ежелгі заманнан келе жатқан классикалық үлгідегі әлемдік қару-жарақтың "алтын қорынан" орын алады. Сібірдегі эксперименттік ғылыми-тарихи жәдігерлерді жаңаша қайта құру жұмыстарын дамыту Юлий Сергеевичтің есімімен тығыз байланысты.

Юлий Сергеевичтің теориялық негіздерді әзірлеуге және қару-жарақтың тұжырымдамалық аппаратын жүйелеуге, көшпенділер-жауынгерлер мен олардың қару-жарақтарын графикалық және тақырыптық жағынан қайта қалпына келтіруге, сондай-ақ қару-жарақ пен сауыттың функционалдық ерекшеліктерінің үлгісін жасауда теңдессіз үлес қосты. Әсіресе, Юлия Сергеевичтің нақты ғылымдардың әдістерін қолдана отырып, ежелгі және ортағасырлық қару-жарақ объектілерінің функционалды ерекшеліктерін зерттеудегі мықты қағидалары аса маңызды.

Юлий Сергеевичтің есімі алтын әріппен жазылатын талантты ұстаз, ғалым. Ғалым көп жылдар бойы НМУ археология және этнография кафедрасын басқарды, 16 ғылым докторы мен кандидаттарын, 70-тен астам магистрлер мен археология саласындағы диплом алған мамандарды тәрбиеледі. Студенттер мен жас ғалымдардың аймақтық археологиялық-этнографиялық конференцияларын ұйымдастыруға және өткізуге қатысты. РҒА СБ археология және этнография институтында, Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институтында, Алтай және Кемеров Мемлекеттік университеттерінде тарих ғылымдары бойынша диссертациялық кеңестердің мүшесі болды.

Ю. С. Худяков өзінің ғылыми-ұйымдастыру қызметіне де айрықша мән берді. Қазақстанда ғылыми еңбектер мен басылымдарды дайындау мен рецензиялар жазуда пәрменді қолдау көрсетті. Сондай-ақ, "Еуразия археологиясы, этнографиясы және антропологиясы" журналының редакциялық кеңесінің мүшесі, "НМУ хабаршысы" журналының редколлегия мүшесі болды.

Ә.Х.Марғұлан Археология институтының ұжымы Юлий Сергеевичтің қаза болуына байланысты, ғалымның туған-туыстарына, шәкірттері мен әріптестеріне қайғырып көңіл айтады.

2

 

 

Комментарий қосу



Security code
Басқасын көрсету

 
   
 
2022 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг