Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
Ә.Х. Марғұлан
атындағы
Археология институты
Адрес:
г. Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык, 44
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Марғұлан атындағы Археология институтының журналы

КазНУ

Бастыбет Жаңалықтар "Марғұлан оқулары – 2021" атты конференция жинағы жарық көрді

"Марғұлан оқулары – 2021" атты конференция жинағы жарық көрді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының 30 жылдығына арналған "Марғұлан оқулары – 2021" дәстүрлі халықаралық конференциясының материалдары жарық көрді.

Басылым үш томнан тұрады. Жинаққа 70-ке жуық мақала енгізілген. Авторлар құрамында (Нұр-сұлтан, Алматы, Айыртау, Ақтөбе, есік, Жезқазған, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Петропавл, Түркістан, Орал, Шымкент), жақын және алыс шетелдер – Ресей (Мәскеу, Санкт-Петербург, Астрахань, Барнаул, Кемерово, Миасс, Новосибирск, Орск, Уфа, Челябинск), Болгария (София, Пловдив), Германия (Тюбинген), Қытай (Нанкин), Румыния (Мангалия), Түркия (Анкара) елдерінен және Қазақстанның ғылыми-зерттеу орталықтарының ғалымдары мен қызметкерлері бар.

Жинақтағы мақалалар хронологиялық қағидасына және  зерттеу ерекшеліктеріне сәйкес бөлімдерге бөлінген. Бірінші томда Қазақстанның археологиялық зерттеу тарихы, тұлғаның ғылымдағы рөлі туралы материалдар, сондай-ақ тас және қола дәуірі бойынша далалық зерттеулердің нәтижелері жарияланды. Екінші томның мақалалары ерте темір дәуірі, орта ғасыр және жаңа дәуір кезеңдерінің зерттеулеріне арналған. Үшінші томда пәнаралық (керамология, трасология, нумизматика, радиокөміртекті анықтау) және қолданбалы (консервация және қалпына келтіру, географиялық ақпараттық жүйелер, бағдарламалық қамтамасыз ету) сипаттағы әртүрлі теориялық мәселелерге арналған мақалалар қамтылған.

Мақалалар жоғары сапалы түсті иллюстрациялар мен кестелермен бірге беріледі.

Үш томдықта жарық көрген еңбектер қазіргі археология ғылымының сан алуан аспектілерін қамтып, археологияның дамуына зор үлес қосып жатқаны сөзсіз.

Басылымға қызықты әрі мағыналы зерттеулер төңірегінде ақпарат беріп атсалысқан авторларға үлкен ризашылығымызды білдіреміз!

1

 

Комментарий қосу



Security code
Басқасын көрсету

 
   
 
2022 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг