Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
Ә.Х. Марғұлан
атындағы
Археология институты
Адрес:
г. Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык, 44
Телефоны:
+7 (727) 272 06 99 - приемная
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Марғұлан атындағы Археология институтының журналы

КазНУ

Бастыбет Жаңалықтар Мұғалжар өңірінде сармат дәуірінің бірегей құнды жәдігерлері бар қорым табылды

Мұғалжар өңірінде сармат дәуірінің бірегей құнды жәдігерлері бар қорым табылды

2022 жылы Ақтөбе облысында ежелгі тарихи ескерткіштермен қатар обалар қорымын ауқымды зерттеу жалғасатын болады. Бұл туралы облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің Ә.Марғұлан атындағы археология институтының бас директоры Оңғар Ақанмен кездесуінде мәлім болды.

 Жиын барысында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында Ақтөбе облысында 2021 жылы жүргізілген кешенді ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен келесі жылға арналған жоспарлары жөнінде айтылды. "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасы Ақтөбе облысында 2021-2024 жылдарға арналған бекітілген Жол картасы аясында жүзеге асырылуда. Биылғы жылы Жол картасының 14 жобасы орындалып, айрықша жаңалықтар ашылды. Осылайша Мұғалжар ауданының аумағында бірегей құнды жәдігерлері бар сарматтар дәуірінің қорым табылды. «Келесі жылға арналған жоспарымыз айтарлықтай ауқымды. Өйткені, Ақтөбе облысының аумағы үлкен және тарихи ескерткіштерге бай. Біздің бастамаларымызға қолдау көрсеткеніңіз үшін алғыс білдіреміз», –¬ деді Ақан Оңғарұлы. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының маңыздылығын атап өтіп, жергілікті атқарушы органдар алдағы уақытта да өңірдің тарихи-мәдени мұрасын зерделеу, сақтау және насихаттауға жан-жақты көмек көрсететінін жеткізді.

1

 

Комментарий қосу



Security code
Басқасын көрсету

 
   
 
2022 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг