Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
Ә.Х. Марғұлан
атындағы
Археология институты
Адрес:
г. Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык, 44
Телефоны:
+7 (727) 272 06 99 - приемная
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Марғұлан атындағы Археология институтының журналы

КазНУ

Бастыбет Жаңалықтар Көрнекті ғалым-археолог Карл Байпақовтың құрметіне мемориалдық тақта ашылды

Көрнекті ғалым-археолог Карл Байпақовтың құрметіне мемориалдық тақта ашылды

Алматы қаласында әйгілі ғалым, көрнекті қоғам қайраткері, тарих ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Карл Молдахметұлы Байпақовтың құрметіне мемориалдық тақта ашылды. Салтанатты шараға Ұлттық ғылым академиясының ғалымдары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Аталаған шарада Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының директоры Ақан Оңғарұлы сөз сөйлеп, ғалымның ерен еңбегін атап өтті.

«Карл Байпақов бар ғылыми шыңдарды бағындырды, археологиялық ескерткіштерге аса бай Қазақстан жерін егжей-тегжейлі зерттеу арқылы әлемге танытты. Карл Байпақов ортағасырлық археология саласындағы ірі маман ретінде Отырар, Құйрықтөбе қалашығы, Қостөбе қорымы, Қойлық қалашығындағы будда храмы және басқа да ескерткіштерге терең зерттеулер жүргізді. Қазақстанның ежелгі тарихының деректік базасын кеңейтіп, байыта түсті».

Сондай-ақ жиында белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері сөз сөйлеп, көрнекті ғалымның Қазақстанның тарих ғылымы мен археологиясының дамуына қосқан сүбелі үлесі жайлы әңгімеледі.

Ұлы ғалымға арналған мемориалдық тақта 1992-2018 жылдары ғалымның өзі тұрған Алматы қаласындағы Назарбаев даңғылы 247А үйдің қабырғасына орнатылды.

1 2
 

Комментарий қосу



Security code
Басқасын көрсету

 
   
 
2022 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг