Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
Ә.Х. Марғұлан
атындағы
Археология институты
Адрес:
г. Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык, 44
Телефоны:
+7 (727) 272 06 99 - приемная
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Марғұлан атындағы Археология институтының журналы

КазНУ

Бастыбет Жаңалықтар Archaeological and Anthropological Sciences журналына америкалық ғалымдармен бірлескен ғылыми мақала жарияланды

Archaeological and Anthropological Sciences журналына америкалық ғалымдармен бірлескен ғылыми мақала жарияланды

Archaeological and Anthropological Sciences (Германиядағы Springer Nature академиялық баспа компаниясынан шығады) журналының 2021 жылғы 13 шығарылымында Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының жетекші ғылыми қызметкері Е.Ш. Әкімбек және америка археологтары C. Klesner, D. Killick (Университет Аризоны), V. Renson (Университет Миссури) бірлескен «Қорғасынның элементтік және изотоптық талдауын қолдана отырып, Орталық Азияның солтүстігінен ерте ислам дәуіріндегі қорғасын жылтырларының шығу тегін зерттеу» тақырыбындағы мақаласы жарық көрді. https://link.springer.com/article/10.1007%2Fs12520-021-01444-8.

 

Мақалада Оңтүстік Қазақстанның он бір ескерткішінен алынған ерте ислам дәуіріндегі жылтыр керамика бұйымдары туралы мәліметтер қамтылады. IX-XV ғасырларда жергілікті ұсталардың қолданатын жылтыр, бояғыш және өшіргіш заттардың түрлерін анықтау үшін қорғасынның композициялық және изотоптық талдау әдістері қолданылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде аймақ тұрғындары жылтыр әшекейлердің көптеген түрлерін қолданғаны анықталды. Олардың құрамында қорғасыны жоғары мөлдір және мөлдір емес жылтыр, қалайы қапталған глазурь және сурьма қоспасы бар көмескі жылтыр бар. Ерте ислам дәуірінде Оңтүстік Қазақстанда сурьма мен қалайы қосылған мөлдір емес жылтыр болмады. Сол себепті жергілікті ұсталар жергілікті шикізатты пайдалана отырып, мөлдір емес шыныдан жасалған керамикалық бұйымдарды өндіруде жаңа әдістерді енгізіп отырғанын көрсетеді.

Шикізаттың мол қорларының қайнар көзін табу үшін қорғасынның изотоптық талдауы қолданылды. Нәтижесінде ұсталар кем дегенде екі түрлі жерден жылтыр жасау үшін қорғасын алғанын анықтауға болады. Ауқымды салыстырмалы деректердің базасын пайдаланудың арқасында кен орындарын анықтауға мүмкіндік туды. Бірінші қайнар көзі ортағасырлық кезеңде жұмыс істеген күміс кеніштері бар кен орындарын қамтитын Орталық Азия орогендік белдеуінің ауқымына кіретін жергілікті жер. Екіншісі, алыс жақтарда сауда байланыстары дамыған Шыңжаң жерінде болғанын көрсетеді.

1 1
1 1
 

Комментарий қосу



Security code
Басқасын көрсету

 
   
 
2022 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг