Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
INSTITUTE
Archeology
named A. Kh. Margulan

Address:
44 Avenue Dostyk, st. Shevchenko 28, Almaty

 

Banner

ruhani-jangyru-logo

Археология институтының журналы. А.Х.Марғұлан

КазНУ

Главная Ruhani jangiru Ортағасырлық Күлтөбе қаласының остеологиялық материалдарына жүргізілген зерттеулердің кейбір қорытындылары

Ортағасырлық Күлтөбе қаласының остеологиялық материалдарына жүргізілген зерттеулердің кейбір қорытындылары

 1-minШагирбаев М.С., Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми қызметкері

Бұған дейін Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының директоры, т.ғ.д. ҚР ҰҒА академигі Б.Ә. Байтанаевтың 2021 жылдың 23 ақпан күні Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының директоры, философия докторы (PhD), А.Р. Хазбулатовпен кездесу өткізіп, Институттың «Археологиялық технологиялар» зертханасының жұмыс бағыттарымен таныстырылғаны туралы хабарланған болатын.

 6-minБүгінгі таңда «Археологиялық технологиялар» зертханасында ортағасырлық Күлтөбе қаласынан анықталған археологиялық жәдігерлерге талдаулар жүргізілуде. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының бір бағыты – жануар сүйектеріне археозоологиялық зерттеу болып табылады. Үстіміздегі жылдың мамыр айында Институт қызметкері М.С. Шагирбаев Түркістан қаласында ғылыми іс-сапарда болып, Күлтөбедегі археологиялық қазба жұмыстары барысында анықталған жануар сүйектеріне далалық талдау жұмыстарын жүргізді.

Археозоологиялық зерттеу жұмыстары барысында 3000-ға жуық жануар сүйектері анықталып, нақты жануар түрлеріне қарай ажыратылды. Алғашқы далалық зерттеу жұмыстарынан кейін, барлық морфометриялық белгілері сақталған сүйек элементтер Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының зертханасына тапсырылды. Қазіргі таңда жануар сүйектеріне зерттеу жұмысының екінші кезеңі болып табылатын остеометриялық өлшемдер жүргізіліп, статистикалық талдаулар жасалуда.

 
 
   
 
2022 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг