Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
Ә.Х. Марғұлан
атындағы
Археология институты
Адрес:
г. Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык, 44
Телефоны:
+7 (727) 272 06 99 - приемная
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Марғұлан атындағы Археология институтының журналы

КазНУ

Бастыбет Жаңалықтар Элиталы Тасқопа І жерлеу қорымы 1 қорғанның материалдарын ғылыми реконструкциялаудың таныстырылымы

Элиталы Тасқопа І жерлеу қорымы 1 қорғанның материалдарын ғылыми реконструкциялаудың таныстырылымы

2021 жылдың 17 наурыз күні Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көрме залында элиталы Тасқопа І жерлеу қорымы, 1 қорғанның материалдарын ғылыми реконструкциялаудың таныстырылымы өтеді. Археологиялық зерттеулерді Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты «Ақтөбе облысының киелі жерлерінің географиясы» аймақтық ғылыми бағдарламасы аясында жүргізді.

Аталған ғылыми бағдарлама ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларының міндеттерін жүзеге асыру аясында әзірленіп, көне тарихымызды кешенді зерттеуге және Ақтөбе облысының бай тарихи-мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған.

Ғажайып бірегей материалдар 2019 жылы Ақтөбе облысының Темір ауданындағы элиталық жерлеу құрылыстарын зерттеу нәтижесінде анықталған. 1-ші қорғанның оңтүстік бөлігінде тереңдігі 5,7 м болатын катакомбалы жерлеу құрылысы ашылды. Жерлеу құрылымы көне заманның өзінде тонаушылар тарапынан бұзылып кеткен. Сақталған алтын заттар сармат қоғамының элиталы өкілінің жерленуі туралы маңызды ақпарттар береді және сармат қоғамының дамуының жоғары деңгейін көрсетеді.

Археологиялық материалдарға консервациялау және реконструкциялау жүргізілді. Зерттеу материалдары аймақтың ежелгі тұрғындарының киім үлгісін, жерлеу рәсімдерінің ерекшеліктерін, діни-мифологиялық сенімдерін қайта құруға мүмкіндік береді.

Ғылыми қайта құру үдерісінде орындалған және толық көлемде дайындалған реконструкциялық, көркемдік макеттері Батыс Қазақстан аумағында өмір сүрген ежелгі сарматтардың киім үлгісі мен жерлеу мәдениетін түсінуге үлес қосады және мұражайға келушілер үшін айтарлықтай қызығушылық тудырады.

 

Комментарий қосу



Security code
Басқасын көрсету

 
   
 
2021 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг