Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
INSTITUTE
Archeology
named A. Kh. Margulan

Address:
44 Avenue Dostyk, st. Shevchenko 28, Almaty
Telephones:
8(727) 2721325- reception room

 

Banner

ruhani-jangyru-logo

Археология институтының журналы. А.Х.Марғұлан

КазНУ

Главная News Академигі Б.Ә. Байтанаев 2021 жылдың 23 ақпан күні Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының директоры, философия докторы (PhD), А.Р.Хазбулатовпен кездесу өткізді

Академигі Б.Ә. Байтанаев 2021 жылдың 23 ақпан күні Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының директоры, философия докторы (PhD), А.Р.Хазбулатовпен кездесу өткізді

Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының директоры, т.ғ.д. ҚР ҰҒА академигі Б.Ә. Байтанаев 2021 жылдың 23 ақпан күні Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының директоры, философия докторы (PhD), А.Р.Хазбулатовпен кездесу өткізді.

  Институттың «Археологиялық технологиялар» зертханасының жұмыс бағыттарымен таныстырылды. Сонымен қатар зертхана құрамындағы ерте және ортағасырлық керамикаларды зерттеу, трасология және археозоология бөлімдерінің жалпы жұмыс барысымен танысты. Зертхананың материалдық базасы мен эталондық коллекциялары қонақтардың назарын ерекше аударды. Зертхана мамандарының зерттеу нәтижелеріне орай жиналған остеологиялық, керамикалық және тас коллекциялардың негізінде жасалған шағын экспозициямен де таныстырылды. Археозоология бөліміндегі зерттеу жұмыстарының кезеңдері, оның ішінде сүйектерді алғашқы жануар түрлеріне ажыратудан бастап, соңғы микро талдауларға дейінгі циклдың қалай жүретіні көрсетілді.

Институттың «Қазақстандағы палеоантропологиялық зерттеулер мақсатты-ғылыми зерттеу» зертханасының жұмыс бағыттарымен де таныстырылды.

Кездесу соңында А.Р. Хазбулатов қазіргі таңда қайта қалпына келтіріліп, бірнеше күрделі бағыттарда жұмыс жасап жатқан «Археологиялық технологиялар» зертханасының жалпы құрылымы мен ұйымдастырылуы және мамандарының біліктілігіне жоғары бағасын берді. 

1 2 3
4 5
 

Add comment



Security code
Refresh

 
   
 
2021 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг