Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
Ә.Х. Марғұлан
атындағы
Археология институты
Адрес:
г. Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык, 44
Телефоны:
+7 (727) 272 06 99 - приемная
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Марғұлан атындағы Археология институтының журналы

КазНУ

Бастыбет Жаңалықтар Ақтөбе облысынан табылған сармат көсемінің қорғанын зерттеудің бірінші кезеңі аяқталды.

Ақтөбе облысынан табылған сармат көсемінің қорғанын зерттеудің бірінші кезеңі аяқталды.

Ақтөбе облысынан табылған сармат көсемінің қорғанын зерттеудің бірінші кезеңі аяқталды.

Өткен жылдың қазан айында Темір ауданының Тасқопа елді-мекеніндегі қорымнан табылған сармат көсемінің қорғаны мен әшекей алтын бұйымдарды зерттеп қалыпқа келтірудің бірінші кезеңі аяқталды.

Бұл жөнінде Ә.Х. Марғұлан атындағы археологиялық институттың бас директоры Бауыржан Байтанаев Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинмен кездесуінде мәлімдеді. “Рухани жаңғыру” бағдарламасы арқылы жүзеге асырылып жатқан зерттеу жобасына 7 ғылым кандидаты, 4 ғылым докторы, 2 академик жұмылдырылған. Жобаны зерттеу 3 кезеңнен тұрады. Тарихи жәдігерлер толық зерттелген соң Ақтөбе облыстық тарихи- өлкетану музейіне тапсырылып, көпшілік назарына ұсынылмақ. Оңдасын Оразалин институт директорына зерттеудің екінші кезеңін жүйелі жалғастыруды, сармат жауынгерінің бұйымдарын реставрациялау жұмыстарын алдағы жылдың көктемінде аяқтау керектігін тапсырды. Айтып өтейік, бұдан өзге де “Ақтөбе облысының киелі жерлерінің географиясы" ғылыми бағдарламасы аясында институт тарапынан ірі жеті ғылыми - зерттеу жобалары орындалуда.

1 2 3
4 5 6
7 8 9
10 11 12
 

Комментарий қосу



Security code
Басқасын көрсету

 
   
 
2021 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг