Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
Ә. Х. Марғұлан атындағы
АРХЕОЛОГИЯ
ИНСТИТУТЫ
Адрес:
Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык 44
Телефоны:
8 (727) 272 06 99 - приемная
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Бастыбет Ұлы даланың жеті қыры Ғылыми семинар «Заманауи археологиядағы аймақ пен уақытты реконструкциялаудың пәнаралық әдістері»

Ғылыми семинар «Заманауи археологиядағы аймақ пен уақытты реконструкциялаудың пәнаралық әдістері»

2018 жылдың 19 желтоқсанында ҚР БҒМ ҒК Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология инстиутында «Ұлы даланың тарихы мен мәдениеті» бағдарламасының аясында Татарстан Республикасы Ғылым Академиясының ғалымдарымен бірлескен «Заманауи археологиядағы аймақ пен уақытты реконструкциялаудың пәнаралық әдістері» атты ғылыми семинар өткізілді.

Семинар жұмысының басты бағыттары:

1. Орталық Еуразияның мұрасы: кроссмәдени ықпалдақстықтар және трансконтиненталдық байланыстар;

2. Археологиялық зерттеулердегі мәліметтерді ұйымдастыру: көпшілік қолданатын ГИС және мәліметтер базасы;

3. Адамзаттың ықпалы және қоршаған ортаны зерттеудің заманауи әдістері; абсолюттік хронология, стратинрафия және радиоуглерод: кешенді зерттеудің мәселелері және мүмкіндіктері.

Баяндамашылар:

Ситдиков А. Г. – т.ғ.д. А.А. Халиков атындағы Археология институтының директоры (Татарстан Республикасы);

Хайрутдинов Р. Р. – т.ғ.д. Қазан халықаралық байланыстар федеральды университетінің ректоры;

Вязов Леонид Александрович – т.ғ.к. Қазан федеральды университетінің доценті.

Талқылау барысында баяндамашылар және семинарға қатысушы ҚР ҰҒА академигі Б.Ә. Байтанаев., т.ғ.к. Л.Б. Джансугурова., г.-м.ғ.д. С.А. Нигматова және басқалар пәнаралық байланыстардың мүмкіндіктері және ортақ зерттеулердің нәтижелері туралы ойларын ортаға салып, оның маңыздылығын атап өтті. Пәнаралық зерттеу тәсілдері негізінде ғылыми түсініктердің тередейтіндігі және зерттеу мүмкіндіктерінің ауқымдылығы артантындығы, сонымен қатар археологиялық ортадағы көптеген ақтаңдақтарды шешуге мүмкіндік беретіні көрсетілді.

 
 
   
 
2019 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана сайт разработан компанией Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг