Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
ИНСТИТУТ
АРХЕОЛОГИИ
им. А. Х. Маргулана
Адрес:
Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык 44
Телефоны:
8 (727) 272 06 99 - приемная
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Главная Конференции Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының 2018 жылғы археологиялық далалық зерттеулердің қорытындысы бойынша есептік сессиясы

Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының 2018 жылғы археологиялық далалық зерттеулердің қорытындысы бойынша есептік сессиясы

2019 ж. 02-03 сәуір аралығында Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының 2018 жылғы археологиялық далалық зерттеулердің қорытындысы бойынша есептік сессиясы өтті. Баяндамалардың хронологиялық диапазоны тас дәуірінен бастап ортағасырларға дейінгі аралықты қамтиды, сонымен қатар пәнаралық зерттеу қорытындылары жеке қарастырылды.

Қазақстанның тас дәуіріне қатысты далалық археологиялық зерттеу қорытындыларын т.ғ.к. ЖҒҚ Артюхова О.А. «Результаты исследовании Токтаулского отряда», т.ғ.к. Мамиров Т.Б. «Работы Улкен жездинского отряда 2018 году» атты тақырыптарда баяндады.

Қазақстанның қола және ерте темір дәуірлеріне қатысты далалық археологиялық зерттеулерінің қорытындыларын ЖҒҚ Ермолаева А.С. «Итоги археологических исследований жилища – мастерской на поселении Талдысай», АҒҚ Горячев А.А. «Древние археологические памятники долины реки Усиктас», т.ғ.к. ЖҒҚ Джумабекова Г.С., ҒҚ Ахияров И. «Некоторые результаты работ в долине р. Быжы», ЖҒҚ Базарбаева Г.А. «О результатах полевых исследовании 2018 года», т.ғ.к. ЖҒҚ Байтлеу Д.А. «Поселение эпохи бронзы Балкан в Центральном Казахстане», ҒҚ Е.С. Казизов «Рекогносцировочные исследования могильника Самсы» атты тақырыптарда баяндап шықты.

Қазақстанның ортағасырлар кезеңіне қатысты далалық археологиялық зерттеулерінің қорытындыларын т.ғ.к. Талеев Д.Ә. «Шенгелді қалашығында жүргізілген қазба жұмыстарының есебі», PhD доктор, ЖҒҚ Ақымбек Е.Ш. «Шу өңіріндегі ортағасырлық төрткүлдерге жүргізілген зерттеулер», ҒҚ Ергешбаев А. «Сторожевые башни Испиджаба», ҒҚ Камалдинов И.Р. «Археологические исследования восточного квартала средневекового городища Талгар», ҒҚ Сорокин Д. «Полевые археологические исследования на территории некрополя городище Илибалык», КҒҚ Шагирбаев М.С. «2018 жылғы Күрті өзенінің алқабындағы ортағасырлық ескерткіштеріне жүргізілген археологиялық барлау жұмыстары» атты тақырыпта баяндады.

Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтындағы пәнаралық ғылыми зерттеулердің 2018 жылғы қорытынды есебін г.ғ.д. БҒҚ Нигматова С.А. «Результаты Карпологических исследований Урджарского захоронения» және «Палинологические исследования в Тургене», PhD доктор, ЖҒҚ Ақымбек Е.Ш. «Археология институты зертханасының 2018 жылы атқарған ғылыми-зерттеу жұмыстары» атты тақырыптарда баяндап шықты. Пәнаралық зерттеулердің қорытындысы бойынша жасалған баяндамалар ғалымдар арасында ерекше талқылауға түсіп, кейбір түйіткілді мәселелер (археологиялық сызбадағы ортақ шартты белгілер, үлгілерді алу алгоритмдері, жәдігерді шифрлаудағы қателіктер және т.б.) шешімін тапты.

 

 
 
   
 
2019 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана сайт разработан компанией Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг