Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
Ә.Х. Марғұлан
атындағы
Археология институты
Адрес:
г. Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык, 44
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Марғұлан атындағы Археология институтының журналы

КазНУ

Бастыбет Жаңалықтар МАРҒҰЛАН ОҚУЛАРЫ-2019 К.А. Ақышевтың туғанына 95 жыл толуына арналады

МАРҒҰЛАН ОҚУЛАРЫ-2019 К.А. Ақышевтың туғанына 95 жыл толуына арналады

ҚР БҒМ ҒК Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Тарих факультеті

Археология және этнология кафедрасы

К.А. Ақышев атындағы Археология ҒЗИ 

МАРҒҰЛАН ОҚУЛАРЫ-2019

К.А. Ақышевтың туғанына 95 жыл толуына арналады 

Құрметті әріптестер! 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Археология және этнология кафедрасы, К.А. Ақышев атындағы Археология ҒЗИ Сізді көрнекті археолог Кемел Ақышұлы Ақышевтың туғанына 95 жыл толуына арналған «Марғұлан оқулары-2019»халықаралық археологиялық конференция жұмысына қатысуға шақырады. Конференция Астана қ. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтеді. Конференцияның жоспарланған уақыты 2019 жылғы 19-20 сәуір. Қатысушылардың келуі –2019 жылғы 18 сәуір.

Кемел Ақышұлы Ақышев еуразия археологиясының дамуына үлкен үлес қосты. Ол Қазақстанның академиялық археологиясын ұйымдастырушылардың бірі болып табылады. К.А. Ақышевтың ғылыми қызығушылықтарына Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихы, Еуразияның қола дәуірі, ерте темір дәуірі және ортағасырлық археологиясы кірді. Бұл бағыттардың әрқайсысында оліргелі сипаттағы жұмыстарқалдырды.

Конференцияның жұмысы келесі бағыттар бойынша жоспарланған:

-К.А. Ақышевтың еуразия археологиясының дамуына қосқан үлесі

- Археологиядағы «Тұлғаның рөлі»(мектептер, зерттеу мәселелері, тұжырымдамалар)

-Орталық Азияның ежелгі және ортағасырлық қоғамдарының археологиясы

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы: Қазақстан археологиясындағы жаңа ашылымдар

- Археология мен этнология деректері бойынша қасиетті мекендер

- Ежелгі және дәстүрлі қоғамдарды этноархеологиялық зерттеулер

- Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану

- Ғылыми жобалар бойынша зерттеу нәтижелері 

Конференция қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс жасайды.

Іссапар шығындары жіберу жақтан төленеді.

Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру комитетініңмекен-жайына өтініштің (төменде қараңыз) толтырылған формасын 2018 ж. 1 қарашаға дейін жіберу қажет.

            Конференция материалдарының ғылыми жинағын басып шығару жоспарланып отыр. Осығай орай жарияланатын баяндама мәтіндерін2019 жылғы 1 қаңтарға дейін жіберулеріңізді сұраймыз.

Ұйымдастыру комитеті жарияланатын мақалаларды іріктеу құқығын өзіне қалдырады. Студенттер мен магистранттардың мақалалары қабылданбайды.

Өтініштер мен жарияланатын мақалаларды келесі мекен-жайларға жолдаңыздар: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек , Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

«Марғұлан оқулары-2019» конференциясынұйымдастырукомитетініңмекен-жайы: 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, К.А. Ақышев атындағы Археология ҒЗИ 010008 Қазақстан Республикасы, Астана қ., Пушкин к. 11, (310 кабинет) 

Жұм.тел. – 8(7172) 70 95 00 (ішкі 34 314, 34 310)

Е-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек ; Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек  

Конференцияны ұйымдастыру комитеті өкілдерінің байланыс телефондары:

ТлеугабуловДаниярТолегенович +7 701 465 93 84

ХасеноваБахытМолдашевна+7 747 053 48 75 

2019 жылғы 19-20 сәуірде Астана қ. өтетін

К.А. Ақышевтың туғанына 95 жыл толуына арналған «Марғұлан оқулары-2019» халықаралық археологиялық конференцияға қатысуға

Өтініш 

Тегі

 

Аты

 

Әкесінің аты

 

Мемлекет, қала

 

Ұйымның атауы

 

Қызметі

 

Ғылыми дәрежесі,

Ғылыми атағы

 

Байланыс телефоны

 

Қатысушының пошталық мекен-жайы мен индексі

 

e-mail

 

Баяндама тақырыбы

 

Іссапарды/визаны рәсімдеу үшін жеке шақырудың қажеттігі (иә, жоқ)

 

 

 

   МАҚАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Мақалалардың қолжазбалары электронды түрде келесі мекен-жай бойынша қабылданады: ; akishev_institute@mail.ru

Файлдың атауыавтордың фамилиясы болып табылады (мәтіндік файлдар үшін – Дүйсенбай_Текст.docх; иллюстрациялар үшін – Дүйсенбай_рис 1.jpeg).

Мақала көлемі 10 баспа бетінен аспайтын (оның ішінде әдебиеттер тізімі мен ақ-қара/түрлі түстіиллюстрациялар). Мәтін редакторы: MicrosoftWord, қаріп: TimesNewRoman, 14 кегль, 1 аралық интервал; жиектері: сол жақ - 3 см, жоғарғы жағы - 2 см, оң жағы - 1,5 см, төменгі - 2 см суреттерjpeg форматта, ал тұнықтығы 300 dpi-дан кем болмауы қажет.

Иллюстрациялар, графиктер мен диаграммалар– ақ/қара түсті, түрлі-түсті немесе сұр элементтерсіз және ұсақ (тұтас) .

Суреттер, графиктер және диаграммалар қара және ақ болып, түссіз немесе сұр элементтер мен шағын (қатты) толтыруларсыз.Ақ-қара суреттерге артықшылық беріледі.Түрлі-түсті кестелер, фотосуреттер (2-ден аспайтын) редакциялық кеңестің шешімі бойынша мақаладан бөлек кітапқа қосымша ретінде шығарылады. Иллюстрациялар мен кестелерге арналған жазбалар жеке мәтіндік файлмен беріледі, қарпі Times New Roman 11 кегль (форматы А4 кітаптық).

Табуляциялау; сөздерді бөлу (сөздер, белгілер арасында бір ғана бос орын болу керек); абзацты бос жолмен бөлу; автоматты режимде жұмыс істейтін пәрмендерді қолдану (әдебиеттерге сілтемелерді, гиперсілтемелер мен ескертулерді, абзацтарды белгілеу және нөмірлеу және т.б.); макростарды пайдалану, мәтінді үлгі ретінде сақтау, «тек оқуға арналған» параметрімен сақтау; мәтінді пішімдеу және мәжбүрлі тасымалдауды пайдалану қажет емес. Материалдарда альбомдық форматтағы кестелер болмауы қажет.

Мәтіндегі суреттерге, кестелерге және жарияланымдарға сілтемелердөңгелек жақшаларда берілуі тиіс (Сурет 1,1), (1 кесте). Жарияланымдарға сілтемелер мәтінде дөңгелек жақшада (Марғұлан, 1979, 47 бет, 1, 2 сурет).

Мақаланың соңында - алфавиттік тәртіптегі әдебиеттер тізімі және қысқартулар тізімі(бар болған жағдайда).Әдебиеттер тізімі нөмірленбейді.

Мәтін алдында қазақ тіліндегі мақалалар үшін Түйін(100-150 сөз), Кілт сөздер(6-7 сөзден көп емес)және орыс тіліндегі мақалалар үшін Аннотация, Ключевые слова, ағылшын тіліндегі мақалалар үшін Annotation, Keywordsорналастырылады.

Қазақ тіліндегі мақаланың анықтамалық аппаратына: 1)Бас әріптермен қазақ тілінде мақаланың атауы; 2)Бас әріптермен ағылшын тілінде мақаланың атауы; 3)қазақ тілінде түйіндеме, кілт сөздер; 4)ағылшын тіліндетүйіндеме, кілт сөздер;5) қазақ, ағылшын тілдерінде автордың жұмыс орны және тұратын қаласы/мемлекет; 6) автордың электронды мекен-жайыкіруі қажет.

Мақаланы рәсімдеу үлгісі:

М.К. Хабдулина

Л.Н. Гумилеватындағы Еуразия ұлттық университеті

Астана, Қазақстан

Ағыл. тілінде автордың аты-жөні

Ағыл. тілінде мекеме атауы

Ағыл. тілінде қала, мемлекет

E-mail:

ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРТЕ ТЕМІР ДӘУІРІ ҚОНЫСТАРЫ

АҒЫЛШЫН ТІЛІ ……………

Түйіндеме Қазақ тілі (кегль 11, курсив, 100-150 сөз).

Кілт сөздер Қазақ тілі (кегль 11, курсив, 6-7 сөзден артық емес)

ТүйіндемеАғылшын тілі (дәл солай).

Кілт сөздер Ағылшын тілі (дәл солай)

ТүйіндемеОрыс тілі (дәл солай), Кілт сөздер орыс тілінде (дәл солай)

Негізгі мәтін (кегль – 14).

Әдебиеттер тізімі (кегль 11).

 

Әдебиеттер тізімін рәсімдеуге мән берулеріңізді сұраймыз

Монографиялар:

Акишев А.К. Искусство и мифология саков. – Алма-Ата: Наука, 1984. – 176 б.

Жинақтағы мақалалар:

Акишев К.А., Акишев А.К. К интерпретации символики иссыкского погребального обряда // Культура и искусство древнего Хорезма. – М.: Наука, 1981. –144-153 б.

Ұжымдықмонографиялар:

Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. – Алма-Ата: Наука, 1966. – 435 б.

Журналдағы мақала:

Арсланова Ф.Х. Новые материалы 7-6 вв. до н.э. из Восточного Казахстана // СА. 1972. № 1. –253-258 б.

Автореферат:

Джумабекова Г.С. Клады металлических изделий как исторический источник (конец II - I тыс. до н.э.): автореф. дис. … канд. ист. наук. - Алматы, 2008. – 24 б.

Диссертация:

Кадырбаев М.К. Памятники кочевых племен Центрального Казахстана (7 в. до н.э. – 6 в н.э.): дисс. … канд. ист. наук. Л.: ЛО ИА АН СССР, 1959. 177 с. //Архив ИИМК РАН, ф. 35, оп. 2-Д, д. № 83.

Архив материалдары:

Отчет об археологических исследованиях на территории ВКО за 1988 г. // Архив ИА МОН РК, ф. 11, оп. 2, д. 2210, л. 16-26.

Қажет болған жағдайда мақалаға қабылданған қысқартулар тізімі қоса беріледі.

Талаптарға сай жазылмаған және рәсімделмеген, ұсынылған көлемнен артық және конференция тақырыбына сәйкес келмейтін мақалалар қарауға қабылданбайды, авторға қайтарылмайды, рецензияланбайды және жарияланбайды.

 

Халықаралық конференцияның ұйымдастыру комитеті

 

Комментарий қосу



Security code
Басқасын көрсету

 
   
 
2021 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг