Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
Ә. Х. Марғұлан атындағы
АРХЕОЛОГИЯ
ИНСТИТУТЫ
Адрес:
Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык 44
Телефоны:
8 (727) 272 06 99 - приемная
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Бастыбет Жаңалықтар АҚЫНЖАНОВ ОҚУЛАРЫ-2019

АҚЫНЖАНОВ ОҚУЛАРЫ-2019

№ 1 ақпараттық хат

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министлігі

Ғылым комитеті

Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты 

АҚЫНЖАНОВ ОҚУЛАРЫ-2019

16-04-2019-1

С.М. Ақынжанов (1939-1991) 

Құрметті әріптестер! 

Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты Қазақстандағы Жастар жылы аясында «Ақынжанов оқулары-2019» атты жас ғалымдардың халықаралық археологиялық конференциясына қатысуға шақырады. Конференция көрнекті археолог – Сержан Мұсатайұлы Ақынжановтың 80-жылдығына арналған.  

Конференция жұмысының негізгі бағыттары

  • ØС.М. Ақынжановтың қазақстандық және еуразиялық археологияның дамуына қосқан үлесі
  • ØГранттық және бағдарламалық-нысаналы бағдарламаларды жүзеге асыру аясындағы Қазақстан археологиясы
  • ØЕжелгі және ортағасырлық Қазақстан археологиясы
  • ØЕжелгі өнер және архитектура
  • ØЕураияның ежелгі тұрғындарының антропологиясы
  • ØАрхеология мәліметтері бойынша Қазақстан мен іргелес аймақтардағы тұрғындардың қарым-қатынасы мен мәдени байланыстары 

Конференция Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институтында өтеді.

Конференцияның алдын ала белгіленген мерзімі 25-26 қыркүйек 2019 ж. Қатысушылардың Алматы қаласына келуі – 24 қыркүйек 2019 жыл.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын. 

Қатысушылардың шығындары жіберуші тарап есебінен төленеді.

Конференция жұмысына қатысу үшін 2019 жылдың 1-мамырына дейін конференция бағдарламасына енгізу үшін баяндаманың тақырыбы көрсетілген өтінішті, сонымен қатар конференция жинағында жарияланатын баяндамалардың тезистерін жіберу қажет. Жинақ конференция жұмысының басталуы қарсаңында басылып шығарылады. Осыған орай, көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген материалдар жинаққа енбейді.

Өтініш үлгісі

1. Тегі, аты, әкесінің аты (толық);

2. Баяндама тақырыбы;

3. ЖОО немесе ғылыми мекеме (толық), факультет, курс;

4. Ғылыми жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты және ғылыми атағы мен қызметі;

5. Бағыты;

6. Баяндаманы таныстырудың формасы және қажетті техникалық құрал-жабдықтар (презентациялаудың заманауи компьютерлік технологияларына көңіл бөлулеріңіз сұралады).

7. Мекен-жайы, факс, телефон, e-mail. 

Тезистерді рәсімдеуге қойылатын талаптар.

1. Мәтіннің көлемі 5 бетке дейін (әдебиеттер тізімі мәтін көлеміне кірмейді) WinWord (.doc нұсқасында) редакторында.

2. Иллюстрациялар – 1 беттен көп емес. А4, JPG немесе TIFF форматында бөлек файл түрінде жіберіледі, кеңейтілуі – 300 dpi.

3. Жоғарғы оң жақта автордың аты-жөні, бір жол төмен: қаласы, ЖОО (толық), курс.

4. Мәтіннің соңында, әдебиеттер тізіміне дейін ғылыми жетекшінің аты-жөні, атағы мен қызметі көрсетіледі. 

Табуляциялау; сөздерді бөлу (сөздер, белгілер арасында бір ғана бос орын болу керек); абзацты бос жолмен бөлу; автоматты режимде жұмыс істейтін пәрмендерді қолдану (әдебиеттерге сілтемелерді, гиперсілтемелер мен ескертулерді, абзацтарды белгілеу және нөмірлеу және т.б.); макростарды пайдалану, мәтінді үлгі ретінде сақтау, «тек оқуға арналған» параметрімен сақтау; мәтінді пішімдеу және мәжбүрлі тасымалдауды пайдалану қажет емес. Көрсетілген бірліктер Өлшем жүйесіне сәйкес келуі тиіс. Мәтіндегі суреттерге, кестелерге және жарияланымдарға сілтемелер дөңгелек жақшаларда берілуі тиіс (Сурет 1,3; 2, 1), (1 кесте), (Марғұлан, 1982, 47 бет, 1, 1 сурет).

Мақаланың соңында – алфавиттік тәртіптегі әдебиеттер тізімі, түйіндеме және түйін сөздер.

Ұйымдастыру комитеті конференцияның тақырыбына немесе рәсімдеудің қойылған талаптарына сай келмейтін материалдарды қабылдамайды.

Өтініштер мен тезистерді ұйымдастыру комитетіне жіберуіңізді сұраймыз.

Алматы қ., 050000, Достык даңғылы, 44 Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институты

е-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек , Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

 

Конференцияны ұйымдастыру комитеті өкілдерінің байланыс телефондары:

Қасенова Әсем Дәуренқызы +7 707 518 1230

Мамиров Талғат Базарбайұлы  +77057833596

 

Комментарий қосу



Security code
Басқасын көрсету

 
   
 
2019 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана сайт разработан компанией Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг