Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
Ә.Х. Марғұлан
атындағы
Археология институты
Адрес:
г. Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык, 44
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Марғұлан атындағы Археология институтының журналы

КазНУ


Бағдар: рухани жаңғыру

ҚР БҒМ ҒК Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтында 2017 жылдың 14 шілдесі күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалы мақаласы мен конституциялық реформа бағдарламасын талқылауға арналған Дөңгелек стол» өтті. Дөңгелек стол жұмысына институттың ғалымдары, мамандар, докторанттар қатысты.

Институт директоры ҚР ҰҒА академигі Б.Ә.Байтанаев Дөңгелек стол жұмысын ашу барысында, Елбасының бағдарламалы мақалаларымен аса үлкен қызығушылықпен танысқанын атап өтті. Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Елбасы халқымыздың рухани дамуына үлкен көңіл бөліп келеді, оған дәлел «Мәдени мұра», «Халық тарих толқынында» атты мемлекеттік бағдарламалар. Осы жылдар ішінде үкіметтен отандық тарихты зерделеуге қажетті археологиялық зерттеулерге, ескерткіштерді қалпына келтіруге, деректер іздеуге орасан зор қаржы бөлінді. Өз болашағымызды құруда рухани негіз болып табылатын, ата-бабамыздан қалған бай мұраны сақтап оны келешек ұрпаққа беру біздің  басты міндетіміз. 

Жарыссөзде сөйлеген академик К.М.Байпақов, институттың ғылыми қызметкерлері А.Ә.Нұржанов, О.А.Артюхова, А.С.Ермолаевалар мемлекеттің, үкімет пен халықтың алдына қойылған міндет пен мақсатқа жетудің негізгі бағыттары және орындалу жолдары көрсетілген бұл құжаттың стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Елбасы ұсынған мәдени реформа қоғаммның бүгінгі жай-күйі үшін көкейкесті мәселе. Міне мұның барлығы, қазіргі жаһандық саяси процестердің жеделдеуіне, Қазақстандық қоғамның технологиялық қарқынының және әлеуметтік жаңғыртудың өсуіне  жауап болмақ.

 
 
   
 
2022 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг