Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
ИНСТИТУТЫ
Археологиясы
аты А. Х. Маргулана
Адрес:
Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык 44
Телефоны:
8 (727) 272 06 99 - приемная
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Марғұлан атындағы Археология институтының журналы

КазНУ

Бастыбет Жаңалықтар Құрметті әріптестер!

Құрметті әріптестер!
            Құрметті әріптестер!
 
Сіздерді ҚР БҒМ ҒК Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының 25 жылдығына арналған «Еуразия археологиясының өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми конференциясы жұмысына қатысуға шақырады. 
Конференцияның өтетін мерзімі: 2016 жылдың 14-15 қыркүйек күндері. 
 
Конференция жұмысын төмендегідей бағыттар бойынша өткізу жоспарланып отыр:
 
- Қазақстан және іргелес аймақтар археологиясы;
- алғашқы қоғам археологиясы мәселелері;
- ерте темір ғасыры және антикалық кезең;
- орта ғасырлардағы қала мен Дала;
- археологиядағы пәнаралық зерттеулер; 
- тарихи-мәдени мұраларды сақтау және пайдалану мәселелері.
 
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
 
Конференцияның өтетін орны: ҚР БҒМ ҒК Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты.
Конференцияға дейін материалдар жинағын басып шығару жоспарлануда. 
Өтініш пен мақала мәтінін 2016 жылдың 15 шілдесіне дейін төмендегі электронды поштаға жіберулеріңізді сұраймыз. Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек , Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек
Өтініштің рәсімделуі:
1. Аты-жөні (толығымен).
2. ЖОО немесе ғылыми мекеменің атауы (толығымен).
3. Баяндаманың атауы.
4. Қажетті техникалық құралдар.
5. Байланыс мәліметтері (мекенжай, телефон, е-mail)
 
Ұйымдастыру комитетінің байланыстары: Алматы қ., Шевченко көшесі, 28.
Тел.: 8-(727)-272-06-87;8-707-270-61-82- Мықтыбаева Жанна Қожағұлқызы;
         8-(727)-272-06-89;8-707-599-42-43- Манапова Әлия Мерекеқызы.
 
Келу күні: 13 қыркүйек, 2016 ж..
 
Құрметпен, ұйымдастыру комитеті
 
 
БАЯНДАМАЛАРДЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
 
1. Жариялымға мақалалар электронды нұсқада, А 4 форматында 10 беттен (оның ішінде әдебиеттер тізімі мен суреттерін қосқанда) аспайтын көлемде қабылданады. Мәтін: MicrosoftWord, шрифт: Times New Roman, 14 кегль, мәтін аралық қашықтық 1,0 пт интервал; үстіңгі, астыңғы жиектер – 2 см, сол жақ жиек – 3 см оң жақ жиек – 1,5 см; көрнекіліктер jpg форматында 300 dpi кем болмауы шарт. Иллюстрациялар, графикалар мен диаграммалар – ақ-қара түсті, түрлі түсті немесе сұр түсті элементтерсіз және ұсақ (тұтас) бояусыз. Барлық суреттер мен кестелер нөмірленген және атауымен немесе сурет асты жазуымен болуы керек. Иллюстрациялар мен кестелердің атаулық жазулары жеке мәтіндік файлмен беріледі. Excel-де шрифт TimesNewRoman 10 кегльмен (формат А4) жасалған кестелер мен диаграммаларға рұқсат етіледі. 
 
2. Мақаланы рәсімдеу үлгісі:
А.А. Горячев
Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты,
Алматы, Қазақстан
 
ШУІЛЕ ТАУЛАРЫНДАҒЫ ЖӘНЕ ІЛЕ АЛАТАУЫНЫҢ СОЛТҮСТІК ҚЫРЛАРЫНДАҒЫ ҚОЛА ДӘУІРІ ЕСКЕРТКІШТЕРІН ЗЕРТТЕУДІҢ КЕЙБІР ҚОРТЫНДЫЛАРЫ МЕН БОЛАШАҒЫ
 
3. Мақаланың аңдатпасы, түйін сөздері орыс және ағылшын тілдерінде (12 кегль) (егер мақала орыс тілінде болса, онда аңдатпа – қазақ және ағылшын тілдерінде) беріледі. Беттер нөмірленбейді. Сілтеме мәтін ішінде төртбұрышты жақшада [1, п.1-1 арты] немесе [14, б. 43-45], егер сілтемеде бірнеше дерек көрсетілсе, олар жақша ішінде нүкте үтірмен беріледі: [2, б. 1; 19, б. 10-12]. Автоматты түрде пайдаланылған әр беттік сілтемеге рұқсат берілмейді. Мақаланың соңында әдебиеттер тізімі пайдаланылу тәртібімен орналастырылады. Мақалаға қолданыстағы қысқартулар тізімі қоса беріледі.
Конференция тақырыбына және баяндама рәсімдеу талаптарына сәйкес келмейтін, сонымен қатар көрсетілген уақыттан кейін жіберілген материалдар Ұйымдастыру комитетінің шешімімен жинаққа енгізілмейді. 
Конференцияға қатысушылардың жол және тұру шығындары жіберуші жақтың есебінен. 
 
 
 

Комментарий қосу



Security code
Басқасын көрсету

 
   
 
2020 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг