Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
Ә. Х. Марғұлан атындағы
АРХЕОЛОГИЯ
ИНСТИТУТЫ
Адрес:
Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык 44
Телефоны:
8 (727) 272 13 25 - приемная
 

Баннер

VIII Астанинский экономический форум

Бастыбет Жаңалықтар Ақпараттық хат

Ақпараттық хат

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Ғылым комитеті
Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты

№1 Ақпараттық хат

Құрметті әріптестер!

 

         Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті  «Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты» Сіздерді Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ хандығы тарих толқынында» атты Халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

Конференция 2015 жылдың 18-21 мамырында өтеді.

Конференция жұмысы төмендегі бағыттар бойынша жүргізіледі:
- Қазақ хандығы - қазақ халқы мемлекеттілігінің кезеңі ретінде;
- Қазақстан археологиясы және іргелес территориялар кезеңдер бойынша:
-  тас ғасыры;
-  қола дәуірі;
-  ерте темір ғасыры және  көне дәуір;
-  ортағасырдағы қала мен дала;
-  Қазақ хандығының қалалары - зерттелу тарихы және зерттеу нәтижелері;
-  археологиядағы пәнаралық зерттеулер;
-  тарихи және мәдени мұраны сақтау және пайдалану мәселелері.

Конференция  жұмысы  қазақ, орыс, ағылшын тілінде жүреді.

Конференцияның өтетін орны: ҚР ҒБМ ҒК «Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты»

Конференция жұмысына қатысуға өтінімді ұйымдастыру комитетіне 2015 жылдың 10 наурызына дейін мына электронды почтаға жіберу керек:  Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек , Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек .

Жинаққа жарияланатын мақалалар мәтіні қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде 2015 жылдың 30 наурызына  дейін электронды почтаға жіберілуі керек.

Адресі: 050010,  Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28 үй, ҚР ҒБМ ҒК «Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты»

Байланыс телефондары: (8 727) 272-06-89 (Археология институты директоры орынбасарының м.а.); (8 727) 272-06-87 (Археология институтының ғалым хатшысы).

Электронды адрестер: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек , Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек .

Келу күні 18 мамыр 2015 жыл

Ұйымдастыру комитеті

 

ӨТІНІМ

Тегі, аты-жөні
Ел, қала
Жұмыс орны және қызметі
Ғылыми атақ, ғылыми дәрежесі
Баяндама тақырыбы
Почталық адрес (индекс)
E-mail
Байланыс телефоны, факс
Баяндама үшін керекті техникалық құрал-жабдықтар

Конференция жұмысының басталуына дейін материалдар жинағын басып шығару.
Басылымға қолжазба электронды нұсқада қабылданады. Файлдың аты автордың тегі болады – мысалы: (мәтін файлы - Касеналин_Текст.doc; суреттер үшін - Касеналин_рис1.jpeg).

Мәтін көлемі машинаға терілген 10 беттен аспауы керек (суреттер, пайдаланылған әдебиет тізімдерін қосқанда). Мәтін редакторы: Microsoft Word, шрифт: Times New Roman, 14 кегль, ара қашықтық 1 интервал; жиегі: сол жақ - 3 см, жоғарғы жақ - 2 см, оң жақ – 1,5 см, төмені - 2 см; суреттер jpeg форматында,  рұхсатылым 300 dpi-дан кем болмау керек. Иллюстрациялар, графиктер және диаграммалар – қара-ақ түсті болу керек, түрлі-түсті немесе сұр элементсіз. Суреттер мен таблицаларға қолтаңба жеке мәтінді файлмен жіберіледі. Таблицалар мен диаграммалар Excel-де шрифт Times New Roman 10 кеглмен (А4 форматында) рұхсат етіледі.

Жасауға болмайды: табуляция жасауға; сөздерді сиректетіп теруге (сөз және тыныс белгі арасында бір  бос жер болу керек); бос абзацтарды бөлуге; автоматты түрде орындалатын командаларды пайдалануға; макростарды пайдалануға; мәтінді шаблон түрінде сақтауға және «тек оқуға ғана» түрін қолдануға; мәтінді форматировать етуге; сөздерді амалсыз тасымалдауға. Айтылған бірліктер  Өлшеу жүйесімен сәйкес келу керек.  Мәтіндегі суреттерге, таблицаларға және басылымға сілтемелер  жай жақшамен көрсетілуі қажет: (сурет. 1, 3; 2, 1), (табл. 1), (Касеналин, 2010, б. 47, рис. 1, 1).

Мақала соңында – пайдаланылған әдебиеттер тізімі алфавиттік ретпен жазылып және түйіндеме беріледі. Қазақ тіліндегі мақалалар үшін түйіндеме орыс және ағылшын тілінде жасалады. Орыс тіліндегі мақалалар үшін түйіндеме қазақ және ағылшын тілінде жасалады. Түйіндемеде автордың аты-жөні, мақаланың аты, мәтіні беріледі.
Түйіндеме мәтінінің көлемі 10 жолдан аспауы керек (шрифт 12 кегль).

Мақаланы дайындау үлгісі:

А.Е. Касеналин
«Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты»
Алматы қаласы, Қазақстан

ОРТАЛЫҚ  ҚАЗАҚСТАННЫҢ  ЕРТЕДЕГІ  ҚОНЫСТАРЫН
ЗЕРТТЕУДІҢ  ЖАҢА  ДЕРЕКТЕРІ

Әдебиеттер тізімін рәсімдеуге көңіл аударуыңызды сұраймыз
Монографиялар:
Акишев А.К. Искусство и мифология саков. – Алма-Ата: Наука, 1984. –176 с.
 Жинақтағы мақалалар:
Акишев К.А., Акишев А.К. К интерпретации символики иссыкского погребального обряда // Культура и искусство древнего Хорезма. – М., 1981. – С. 144-153.
Коллективті монографиялар:
Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. – Алма-Ата: Наука, 1966. – 435 с.
Журналдағы мақалалар:
Арсланова Ф.Х. Новые материалы 7-6 вв. до н.э. из Восточного Казахстана // СА. – 1972. – № 1. – С. 253-258.
Автореферат:
Джумабекова Г.С. Клады металлических изделий как исторический источник (конец II - I тыс. до н.э.): автореф. дис. … канд. ист. наук. - Алматы, 2008. – 24 с.
Диссертация:
Кадырбаев М.К. Памятники кочевых племен Центрального Казахстана (7 в. до н.э. – 6 в н.э.): дисс. … канд. ист. наук. Л.: ЛО ИА АН СССР, 1959. 177 с. //Архив ИИМК РАН, ф. 35, оп. 2-Д, д. № 83.
Мұрағат материалдары:
Отчет об археологических исследованиях на территории ВКО за 1988 г. // Архив ИА МОН РК, ф. 11, оп. 2, д. 2210, л. 16-26.

Мақалаға қолданыстағы қысқартулар тізімі қоса беріледі.

Талапқа сай дайындалмаған, ұсынылған көлемнен асып кеткен және конференция тақырыбына сәйкес келмейтін мақалалар қарауға қабылданбайды.

 

 

Комментарий қосу



Security code
Басқасын көрсету

В древнем городище Сауран нашли клад
04.11.2015
О небывалой находке сообщили археологи, ведущие раскопки на древнем городище Сауран, сообщает«Экспресс К». Под занавес…

Города на дне Арала
10.09.2015
В Институте археологии им. А. Маргулана состоялась презентация трехтомной монографии "Урбанизация древнего и средневекового Казахстана"…

Семь курганов Жуантобе
10.09.2015
В Южном Казахстане стартовал археологический сезон, в ходе которого исследователи продолжат изучение культуры древних племен…

Cтрана древних городов
28.05.2015
В 1465 году казахские ханы Керей и Жанибек создали Казахское ханство, которое в XVI–XVII веках…

В атмосфере справедливости, честности и свободы
21.05.2015
Бауыржан БАЙТАНАЕВ, генеральный директор Института археологии, член-корреспондент Национальной академии наук РК: – Наши надежды оправдались.…

70-летие победы в Великой Отечественной войне
08.05.2015
Этот год для всех нас знаменательный - 70-летие победы в Великой Отечественной войне. В Институте…

7 апреля 2015 года в библиотеке «Гылым Ордасы» состоялся «Круглый стол»
07.04.2015
7 апреля 2015 года в библиотеке «Гылым Ордасы» состоялся «Круглый стол», посвященный эпохальной теме 550-летию…

Ақпараттық хат
10.03.2015
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты…

Құлан
22.12.2014
Қазақ даласында ерте замандарда өркениеттің бастауындай танылған тарихи қалалардың болғаны мәлім. Бүгінде олардың іздері мен…

Археологияда ашылған аралдар
19.12.2014
хақында Ә.Марғұлан атындағы археология институтының Урбандануды және номадизмді зерттеу бөлімінің бастығы академик Карл Байпақов әңгімелейді…

Все новости >>>
 
   
 
2016 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана сайт разработан компанией Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг