Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
ИНСТИТУТ
АРХЕОЛОГИИ
им. А. Х. Маргулана
Адрес:
Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык 44
Телефоны:
8 (727) 272 06 99 - приемная
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Главная Новости САРАЙШЫҚТЫ САҚТАП ҚАЛАЙЫҚ!

САРАЙШЫҚТЫ САҚТАП ҚАЛАЙЫҚ!

«Ақ жол» партиясы Үкіметті Қасым ханның тұсында Қазақ хандығының астанасы атанған Сарыайшық қаласының құндылығын ешқандай ақшамен өлшей алмайтын жәдігерлерін – көне тарихтан қалған асыл мұраны құтқаруға барынша күш салуға шақырды.

САРАЙШЫҚТЫ САҚТАП ҚАЛАЙЫҚ!..Бұл туралы «Ақ жол» ҚДП төрағасы, партияның Парламенттік фракциясының жетекшісі Азат Перуашев бүгінгі өткен Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында мәлімдеді. Ол жақында Атырау облысындағы сайлаушылармен кездесудегі сайлаушылардың аманаты ретінде алдынан шыққан ең өткір мәселені Премьер-министрдің назарына ұсынып, депутаттық сауал жолдап, мәселенің жедел әрі оңтайлы шешілуіне көмектесуін сұрады.

Өткенге құрметпен қарағанымыз жөн. Қазақтың қай-қай жері де қасиетті, тұнған тарих. Осындай киелі мекеннің бірі – Қазақ хандығының астанасы – Сарайшық қаласы болып табылады. Ертістен Дунайға дейінгі ұлан байтақ өлкені билеген, кейінірек Алтын Орда аталған империя –Жошы ұлысының кезінде салынған, Қасым ханның тұсында қазақ хандығының астанасы атанған Сарыайшық Жібек жолының маңызды бағытында орналасқандықтан та сол заманғы ең дамыған және сәулетті қалалардың бірі болды. Бұл қалада XIV ғасырда Жәнібектің және Бердібектің Алтын Орданың хандық таққа отыру рәсімдері өткен. Бұл жерде кезінде үш жүзге толықтай мойындалған жеті хан жерленген.

Осы көне қаланың салынғанынан бастап, өсіп-өркендеу кезеңдеріне қысқаша тоқталған Азат Перуашев Сарыайшықты XVI ғасырда Иван Грозный қиратқаннан кейін оның қирандысы мен жәдігерлерінің ғылыми зерттеу нысанына айналғанына да екі ғасырдан асты деді. Оған Еуропалық белгілі ғалымдар П.Паллас және Ф.Гебель қазба жұмысын жүргізген. Ресей ғалымдары Рычковтың, Левшиннің, Карамзиннің шығармаларында көрсетіледі. ХХ ғасырда қазақ археологиясының негізін қалаушы, академик Әлкей Марғұлан зерттеу жүргізіп, тарихи тың деректермен байытты.

Өкінішке қарай жыл өткен сайын су тасыған кезде 5-10 метрге дейінгі жерін ағыс құлатып, қаланың ескі орнын тарылтып, Сарыайшық Жайыққа жұтылып бара жатыр. Қазір де қала орнында шашылып жатқан адамның сүйектерін көруге болады. «Егер өзен бағытын өзгертпесек, жақын арада қаладан түк қалмайды», – деп атап өтті А.Перуашев, – Қаланың қалған бөлігін құтқаруға жалғыз жол бар. Ол – бекініс салу. Бұл мәселе осыдан 3 жыл бұрын қарастырылған және оның бағасы есептелген. Алайда әлі күнге дейін бұл шаруа нақты шешімін тапқан жоқ.

Сарыайшық өткен тарихымыздың жарқын беттерінің бірі және бірегейі. Сол қалада табылған және әлі табылмаған мұралардың қазақ елі үшін орыны бөлек. Сондықтан да «Ақ жол» партиясының депутаттары Үкіметті Қазақ хандығының алғашқы астанасынан қалған асыл мұраны құтқарып, сақтап қалу үшін барынша күш салуға шақырып отыр.

 

Шынында да егер қаланы ағыс­тан қорғайтын бекініс мәселесі жақында шешілмесе, онда ұрпақ үшін аса маңызды, құндылығын ешқандай ақшамен өлшей алмайтын тарихи жәдігермен – ашық аспан астындағы ғажайып мұражаймен мәңгілікке қоштасуға мәжбүр боламыз.

15 мамыр 2013 жыл,

«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

www.qazaquni.kz

 

Добавить комментарий



Защитный код
Обновить

 
   
 
2019 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана сайт разработан компанией Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг