Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
Ә.Х. Марғұлан
атындағы
Археология институты
Адрес:
г. Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык, 44
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Марғұлан атындағы Археология институтының журналы

КазНУ

Бастыбет Мәдени мұра Кент қонысындағы 2010 жылғы археологиялық зерттеулер

Кент қонысындағы 2010 жылғы археологиялық зерттеулер

В.В. Варфоломеев           

Кент қонысындағы археологиялық жұмыстар 2010 жылы да жалғасты. Жұмыстың басты мақсаты – ескерткіштің жобалық құрылымын және оның стратиграфиясын анықтау болды. Қазба 3х3 м шаршыда, көлденеңінен 0,2 м болатын дәстүрлі әдіспен жүргізілді. Топырақты ұсақ торкөзді елеуіштен өткізу осы дала маусымында жаңбырдың салдарынан ылғал болғандықтан нәтиже берген жоқ. Сондықтан артефакттар мен сүйектерді анықтау мақсатында Д.А. Авдусиннің әдістемесімен топырақты қолмен тексерілді.

Осы жылғы қазба көлемі 126 ш. м құрайды. Қазбаның ең терең бөлігі 2-тұрғын үйде 1,5 м құрады. 2, 3, 4 – үш тұрғын үй қазаншұңқырларының қалдықтары аршылды. Тұрғын үйлердің ені 4 м дейін жетеді. Тұрғын құрылыстары ОБ-СШ бағыты бойынша созылып жатыр, оның себебі желдің ұзын қабырғаларына емес, қысқа бүйір қабырғаларына соқсын деген есеппен жасалған. Тұрғын үйдің ұзындығы 2 – 27 м, ені 3,5 м. Олай болса, бұл тұрғын үйдің жалпы көлемі 94,5 м2 құрайды. Бұл – Кент қонысының ғана емес, сонымен қатар жалпы Қазақстанның қола дәуіріндегі ескерткіштердің ішіндегі ең ірі тұрғын үй. Үйдің бүйір қабырғалары таспен қаланған, пандус тәріздес есік оңтүстік-батыс қабырғаның ортасында орналасқан. Ағаш құрылыстың қалдықтары шала жанған және күйген ағаш түрінде сақталған. Бұл құрылыс өрт салдарынан бұзылған болуы әбден мүмкін.

Мәдени қабатты тазалау барысында табылған заттар: қоладан, сүйектен және мүйізден, тастан жасалған бұйымдар, сонымен қатар, қыш бұйымдар мен үй және жабайы жануарлар сүйектері.

Қола бұйымдар: көлемді төлкелі қашау, тілді тоға (айылбас), тойтарма шегелер, біз, ине, пышақ сынығы,қола  артефакттардың ұсақ бөлшектері.

Сүйек пен мүйізден жасалған артефакттар: екі түрлі жебе ұштары, сүйектен жасалған шеге, жүн тарауға арналған тарақ, жуалдыздар және тоқыма инелері, сүйектен жасалған шөміштің оюланған сабының сынығы, оюланған айылбастар және түймелер, «коньки». Бұлан және маралдың мүйізінен дайындалған көптеген кесінділер.

Тас заттар: қырғыш тастар, түйгіш, дөңгелек тастар, тас атқыш өзек тастар, қайрақтар.

Жануарлардың көптеген сүйектері жиналды, бұл жиынтық археозоологиялық анықтаудан кейін Кент тұрғындарының шаруашылығын анықтауға көмегін тигізеді. Қоладан, тастан және сүйектен жасалған бұйымдар беғазы-дәндібай мәдениетінің белгілі материалдарымен ұқсас келеді.

Мәдени қабаттан қызыл және сары охра бояуының, вольфрамит, малахит және гематиттің кішкене кесектері табылды, шамасы минералды бояу дайындаған.

11 қазбадан жиналған коллекцияның дәстүрлі негізін қыш ыдыстардың әртүрлі сынықтары құрайды

Табылған заттар қыш ыдыстардың сынықтары. Қыш бұйымдарды 3 топқа бөлуге болады:

1)      Білік түріндегі ыдыс қыш бұйым жиынтығының көпшілік бөлігін құрайды.

2)      Андрон көркіндегі жұқа қабырғалы ыдыс.

3) тез айналатын көзеші шарығында жасалған ыдыс сынықтары. Бұл қыш Орта Азиядан шыққан.

Жалпы, 2010 жылғы қазбадан шыққан заттардың кешені беғазы-дәндібай мәдениетіне жатады және б.з.д ІІ мыңжылдықпен мерзімделеді.

Стратиграфиялық және жобалық бақылаулар нәтижесінде 11 қазбада екі құрылыс қабаты болғандығы туралы айтуға болады. Төменгі құрылыс қабаты 1 тұрғын үйдің болуымен байланысты. Бұл үй бұзылғаннан кейін оның орынында 2 тұрғын үй салынды. 1 тұрғын үйдің қабаты беғазы-дәндібай  мәдениетінің орта кезеңі қышына сәйкес келеді, 2 үйге – доңғал түріндегі қыш сәйкес келді. Екі жағдайда да қыш импорты – 2 және 3 топтағы қыш сынықтар. Бұл импорт Кентте тұрақты кездеседі. Көрінісі беғазы-дәндібай кесенелеріне, былайша беғазы қыш бұйымдары деп ұсынылатын андрон ыдыстарына және бүгінде атақты Түгіскен қорымы кешенінен белгілі оңтүстіктен шыққан үлгілерге ұқсас. Қазіргі уақытта беғазы-дәндібай мәдениетінің бірнеше қонысынан анықталды, оның қабаттарынан білік субстратынан бөлек импорт, суперстрат компоненті анықталды.  (Кесте 1 қара).

Кесте 1

Сарыарқаның беғазы-дәндібай мәдениетінің қонысынан алынған субстратты және суперстратты қыш бұйымдардың байланысы.

 

ескерткіштер

Субстрат

суперстрат

барлығы

ыдыстардың саны

%

ыдыстардың саны

%

ыдыстардың саны

%

1

 Кент

1583

94,1

99

5,9

1682

100

2

Домалақтас

116

98,3

2

1,7

118

100

3

Доңғал

300

99

3

1

303

100

4

Упаис

63

90

7

7

70

100

5

Қопа 1

123

99,2

1

0,8

124

100

6

Мыржық

776

98,3

13

1,7

789

100

 

Қоныстардағы қыш бұйымдардың суперстрат кескіні беғазы-дәндібай тұрғындарының Батыс Сібір және Орта Азия мәдениетін ұстанушылармен мықты қарым -қатынасын дәлелдейді. 


Сурет 1. Кент қонысы. Жоба.


Фото 2. Кент қонысы. Қазба 11. Сүйектен жасалған бұйымдар. 1 – тупик; 2 – саптың дайындамасы; 3, 4, 8 – жебе ұштары; 5 – сап бөлшегі; 6 – сақина бөлшегі; 7 –өмілдірік.

 
 
   
 
2022 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг