Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
Ә.Х. Марғұлан
атындағы
Археология институты
Адрес:
г. Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык, 44
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Марғұлан атындағы Археология институтының журналы

КазНУ

Бастыбет Мәдени мұра 2009 ЖЫЛҒЫ ӘУЛИЕКӨЛ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ КЕШЕНІНДЕГІ ЖҰМЫСТАР

2009 ЖЫЛҒЫ ӘУЛИЕКӨЛ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ КЕШЕНІНДЕГІ ЖҰМЫСТАР

Смағұлов Т.Н., Жәнісов Ә.Т., Казизов Е.С., Пересветов Г.Ю., Айылбаев Т.Қ.

2009 жылы Павлодар облысындағы Әулиекөл археологиялық кешеніндегі  зерттеулер өз жалғасын тапты. Кешен, Екібастұз қаласына қарасты ауылдық аймақта, Өленті өзенінің Әуликөлге құйатын жерінде орналасқан және қоныс орындары, некрополь мен егістікті суару (ирригациалық) жүйесінің қалдықтарынан тұрады. Біздің алданала тұжырымдаумыз бойынша аталмыш ескерткіш XIV-XV ғасырларға жататын дала билеушілердің ордасы болған
Далалық жұмыстар барысында аумағы 18х23 м, биіктігі 0,84 м. тұрғын-үйде қазба жұмыстары басталды (4 қазба). Қазба жұмыстарының нәтижесінде  қам кірпіштен тұрғызылған, солтүстік пен оңтүстік жақтарынан кіреберіс бөлмелері бар төрт бұрышты құрылыс қалдықтары анықталды. Құрылыс ішінде кіріпіш іргелерімен бөлінген 4 бөлме анықталды. Үйдің ішіндегі толтыруларда төбені жабуда пайдаланылған ағаш қалдықтары табылды. Осы объектінің қай хронологиялық кезеңге жататындығы әлі анықталған жоқ, уақытын белгілейтін заттар кездеспеді.
Тұрғын-үйдегі жұмыстардан басқа  некропілдегі өндірістік ғимараттарда қазба жұмыстары жалғасын тапты, бұл жерде жылтырақты (глазурь) жасау шеберханасы зерттелді (қазба 2). Бұнда жылтырақты күйдіруде қолданылған шоқ ошақ табылды, қождың қалдықтары, мыс кенінің бөлшектері, жылтырақ шашындылары, әйнекей іздері бар жарамсыз болып қалған бұйымдар, өндіріс, құрылыста қолданылған қыш ыдыстардың фрагменттері табылды.
Далалық жұмыстардың тағы бір бағыты ескерткіштің шеткі аймағындағы ирригациялық жүйенің қалдықтарын іздеу мен зерттеу болып табылды, осының нәтижесінде бір кездерде Өленті өзенімен жалғасқан ауқымды арықтар  жүйесі айқындалды.  Әулиекөл көлін айнала өтетін Өленті өзені мен Дуана ағысын байланыстыратын арық ерекше қызығушылық туғызды. Арықтың қазіргі күнгі тереңдігі 0,3 м., ұзындығы 3,4 км.
         Жазба деректері мәліметтері және жүргізілген арнайы этнографиялық зерттеулер бойынша, ХІХ ғасырда және кеңес өкіметінің алғашқы онжылдықтарында, яғни қазақтардың қысқы және жазғы жайылымдарында жаппай отырықшылыққа көшу уақытында, жергілікті тұрғындардың егін шаруашылығымен айналысқандығы жайлы дәлелдер табылмады.  
Бірақ,  далалық ауызша деректерінде, Әулиекөл маңайларында ерте замандарда «ноғайлардың» («ноғайлылардың») егістік алқаптары болып және олардың билеушісінің ордасы орналасқан деген мәліметтер кезедеседі .
2009 жылы Әулиекөл некрополінде (қазба 1) ортағасырлық мазар қалдықтарының қазба жұмыстары жалғастырылды. Бұнда объектің құрылыс жобасы зертелді, археологиялық жоспары мен стратиграфиялық кескіні егжей-тегжейлі жасалды. Ескерткіштің кірпіш қабырғасының қирауларын тазарту жұмыстары жалғастырылды, осы қираулар арасында көгілдір жылтырақтармен және өсімдік, геометриялық, эпиграфикалық ою-өрнектермен әшекейленген қыш тақтайшалары түріндегі сәулеткерлік декордың қалдықтары табылды.
Әулиекөл некрополіне ортағасырлық ақсүйектердің мазарларынан басқа Әуликөл көлінің жағалауы бойында, мазарлардан солтүстік пен шығысқа қарай орналасқан қарапайым қара халықтың жерленген сол заманның қорғандар тобы жатады.
2008 жылы осында екі адамдық, өлікті жатқызу рәсімі бойынша жасалған және жылқы терісі салынған қорған зерттелді. Табылған жерлеу жабдықтарының арасында Өзбек ханның билеу кезеңіне жататын күміс тиын-ақша табылды.
2009 жылы  биіктігі 0,4 м., диаметрі 12 м. құрайтын тағы бір қорған зерттелді. Оның топырақ үйіндісінің астында өлікті жатқызу рәсімі бойынша жасалған тік бұрышты қабір мен ор табылды. Қабір көлемі: ұзындығы – 2,05 м; кеңдігі – 0,7 м; тереңдігі – 1,42 м.
Қабірдың түбінде табылған адам қаңқасы басымен БОБ қарай бағытталған, шалқасынан жатқызылып, беткі жағы жоғарыға бағытталған.  Сүйектердің орналасуы бойынша сол қолы бүгілген, ал оң қолы дене бойымен созылған. Түбінде, адам қаңқасының бас жағында, оңтүстік-батыс бұрышында тік қойылған қой сирағының сүйегі, бас сүйегінің сол жағында дөңгелек түріндегі күміс сырға табылды. Оң жақ иығының маңында күміс айна мен темір қайшы, сүйекті бөлшектеу кезінде жерленген мәйіттің ауыз қуысында күміс тиын-ақша табылды. 
Табылған заттар мен жәрлеу рәсімі негізінде, қабірда әйел адам жерленген және алдынала тұжырымдау бойынша қорғанды XIV ғасырдың ортасы – екінші жартысына жатқызуға болады. Табылған нумизматикалық материалды арнайы мамандармен зерттеуі, болашақта бұл ескерткіштің нақты қандай хронологиялық уақытқа жататындығын анықтауға мүмкіндік береді.
Әулиекөл некрополі қазақ этносының қалыптасуында айтарлықтай рөл ойнаған XIV-XV ғасырлардағы Ақ Орда мемлекетінің құрамында болған Жошы Ұлысының шығыс бөлігі халықының материалдық және рухани мәдениетін сипаттайды.
Отандық тарихнамада, әдетте ортағасырлық жазба деректерінен алынған мәліметтерге сүйене отырып Ақ Орданың этносаяси тарихының сұрақтары қарастырылған. Осы тұрғыдан алып қарағанда жаңа археологиялық материалдарды зерттеу және ғылыми айналымға еңгізу, деректерді әлде қайда кеңейтеді және осы мемлекеттік бірлестіктітің тарихы мен мәдениетін кешенді түрде зерттеуге мүмкіндік береді. 


Әулиекөл некрополіндегі қорған қабірынан табылған айна

 
 
   
 
2022 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг